Декабрь 2020
«Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу» атты шығармашылық эссе байқауының жеңімпаздары!!!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай–рухани реформатор» мақаласында аталған бағыттарды жүзеге асыру және жас ұрпақ санасында Абай аманатын орнықтыру мақсатында ЖОО, колледж студенттері мен орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Абай. Таңдамалы даналық сөздер: қабылдау мен зерделеу» атты шығармашылық эссе байқауын өткізді. Байқау АБАЙ ҒЗИ-да орындалып жатқан «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми-теориялық негіздері мен теориялық тетіктері» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында өткізілді. Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан жас талапкерлер www.abai.kaznu.kz сайтындағы Абай Құнанбайұлының «Даналық сөздерінен» мысал алып, өз тарапынан талдау жасады. Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
ЖОО студенттері арасында:
1 – орын Мақсұт Аружан, Алматы энергетика және байланыс университетінің 2 курс студенті
2 – орын Еділ Аяна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың 2 курс студенті
2 – орын Сейілханқызы Ғазиза, Алматы энергетика және байланыс университетінің 1 курс студенті
3 – орын Мұратов Қайырхан, Алматы энергетика және байланыс унверситетінің 1 курс студенті
3 – орын Тілектес Шынар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3 курс студенті
9-11 сынып оқушылары арасында:
1 – орын Амангелді Мирас, Алматы қаласы, 148 орта мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы
1 – орын Қабдырахым Қарақат, Қостанай қаласы, 115 орта мектептің 11 сынып оқушысы
1 – орын Түгелов Жарас, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
2 – орын Рахманова Жанел, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, 115 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
2 – орын Тұраққазы Аққу, Семей қаласы, 35 мектебінің 11 сынып оқушысы
2 – орын Хуан Наурызбек, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көлтабан орта мектебінің 9 сынып оқушысы
3 – орын Бердібек Әділ, Алматы облысы, Кеген ауданы, Ж.Ермегияев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы
3 – орын Қасымақын Фариза, Алматы қаласы, 26 ЖББ мектебінің 9 сынып оқушысы
3 – орын Саған Іңкәр, Алматы қаласы, Жетісу ауданы 148 орта мектебінің 9 сынып оқушысы
7-8 сыныптар арасында:
1 – орын Әбдіқадыр Назерке, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы 26 орта мектептің 8 сынып оқушысы
2 – орын Асылбек Ұлту, Өлеңті орта мектебінің 8 сынып оқушысы
2 – орын Бимырза Дамира, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Б.Сырттанов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы
3 – орын Абдықамалов Асқар, Алматы қаласы, М.Базарбаев атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы
3 – орын Тұрыспаева Айша, Алматы қаласы, 148 орта мектептің 8 сынып оқушысы
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLV томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық бесінші томында Абайдың шығармашылығы, жаңашыл ойлары мен ағартушылық еңбегі туралы бір топ зерттеулер берілді. Оларда Абайдың шығармашылығы түрлі қырынан қарастырылып, Абайдың діншілдік, жаңашылдық, ағартушылық көзқарастары мен ойлары талданады.
Томға енген еңбектер абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы, ізденуші жастарға және көпшілікке арналған.
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLIV томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық төртінші томында А.Б. Салқынбайдың «Абaй сөзінің лингвопоэтикасы» еңбегі берілді. Зерттеуде Абай поэзиясындағы сөз мағынасы мен мәні мәдени-танымдық бағытта сараланып, лебіздің лингвопоэтикалық сыры зерттеледі. Көркем мәтін семантикалық кеңістігінің негізгі әмбебап сипаты «адам», «уақыт», «кеңістік» тұрғысынан талданып, мәтін мәнінің терең динамикасы, мәтін бүтіндігі мен даралығы айқындалады.
Еңбек студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, филолог-ізденушілерге, ғылыми қауымға және көпшілікке арналған.
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLIII томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық үшінші томында А.Машановтың «Әл-Фараби және Абай» еңбегі берілді. Кітапта автор әл-фараби мен Абайдың рухани байланысын, даналықтарының түпкі негізін, ілімдерінің әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді.
Еңбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шәкірттеріне, ғалымдары мен оқытушыларына, зерттеушілеріне, әл-Фараби мен Абайдың даналығынан үлгі алғысы келген барша талапты жасқа, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.