4-Декабрь, 2020
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLV томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық бесінші томында Абайдың шығармашылығы, жаңашыл ойлары мен ағартушылық еңбегі туралы бір топ зерттеулер берілді. Оларда Абайдың шығармашылығы түрлі қырынан қарастырылып, Абайдың діншілдік, жаңашылдық, ағартушылық көзқарастары мен ойлары талданады.
Томға енген еңбектер абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы, ізденуші жастарға және көпшілікке арналған.
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLIV томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық төртінші томында А.Б. Салқынбайдың «Абaй сөзінің лингвопоэтикасы» еңбегі берілді. Зерттеуде Абай поэзиясындағы сөз мағынасы мен мәні мәдени-танымдық бағытта сараланып, лебіздің лингвопоэтикалық сыры зерттеледі. Көркем мәтін семантикалық кеңістігінің негізгі әмбебап сипаты «адам», «уақыт», «кеңістік» тұрғысынан талданып, мәтін мәнінің терең динамикасы, мәтін бүтіндігі мен даралығы айқындалады.
Еңбек студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, филолог-ізденушілерге, ғылыми қауымға және көпшілікке арналған.
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLIII томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық үшінші томында А.Машановтың «Әл-Фараби және Абай» еңбегі берілді. Кітапта автор әл-фараби мен Абайдың рухани байланысын, даналықтарының түпкі негізін, ілімдерінің әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді.
Еңбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шәкірттеріне, ғалымдары мен оқытушыларына, зерттеушілеріне, әл-Фараби мен Абайдың даналығынан үлгі алғысы келген барша талапты жасқа, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.