Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Январь 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек   Фев »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

26-Январь, 2021

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLIX томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық тоғызыншы томында Х.Ж. Сүйіншәлиевтің «Абaйдың қара сөздері» еңбегі берілді. Кітапта Абай қара сөздерінің мазмұны, түрі, стилі, тілі туралы мәселелер терең әрі жан-жақты зерттелген. Ақын творчествосын толық бейнесінде көрсету үшін оның алуан сырлы қара сөзді мұраларын әлі зерттей түсу – қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл ретте қолыңыздағы кітап осы саладағы тұңғыш қадам ретінде ғана саналмақ.

Кітап орта мектептің жоғары сынып оқушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларында ізденушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ көпшілікке арналған.

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХLVIII томы жарық көрді.

Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық сегізінші томында Дүкенбай Досжанның «Абай айнасы» еңбегі берілді. Бұл еңбекте Абай әлемі – жанның тамағы, жанның жарығы, жүрек сауыты, ақыл қыры, адам саумақ, жүрек айнасы, жан қуаты секілді таным сипаттарына еніп, ақын рухымен іштей сырласуға арналған. Әрі Абай өмірінің ақтаңдақ тұстарын соңғы кезде табылған Тұрағұл, Кәкітай, Ахат деректерімен өрнектелген. Жанры – жаңа заман биігінен ақын өміріндегі кезеңді оқиғаларға табан тірей отырып Абай болмысын ғұмырнамалық, пәлсапалық зерттеу болып табылады.

Еңбектер магистранттар мен докторанттарға, жалпы білім алушы, ізденуші жастарға және көпшілікке арналған

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХLVI томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық  алтыншы томында Абaй қарасөздерінің ерекшеліктері, Абайдың өмірі мен  қоғамдық қызметіне қатысты архивтік деректер берілді.

Абай қара сөздерінің жанрлық, стильдік болмысы бүгінгі таным тұрғысынан абайтану саласындағы қол жеткен жетістіктерге сүйене отырып, өзіндік таным тұрғысынан зерттеліп, жаңаша әрі тың ой пікірлер – еңбектің ғылыми ауқымын кеңейтіп, соны қабаттарын аша түскен. Абай Құнанбаевтың өмірбаянына қатысты дереккөздерінің зерттелу тарихы оның әр жылдарда жазылған өмірбаяндарының тарихымен байланысты зерттелген.  Еңбек студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, филолог-ізденушілерге, ғылыми қауымға және көпшілікке арналған.