Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2022
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар   Май »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

4-Апрель, 2022

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы

ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен   ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың бас әдебиеттанушысы» атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференция өтті. Конференция жұмысына отандық белгілі  ғалымдар,  зерттеушілермен қатар  Түркия, Әзірбайжан  секілді бауырлас, түркі тілдес мемлекеттердің ғалымдары қатысты. Конференцияда Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дәдебаев  кіріспе баяндама жасап, Ахмет Байтұрсынұлының әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін айрықша  атай отырып, конференцияға қатысушы ғалымдарды, зерттеушілерді, магистранттарды мемлекет қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдық мерейтойымен құттықтап, осыған орай ұйымдастырылып отырған конференция жұмысына сәттілік тіледі. Бауырлас қазақ еліне деген ыстық ықыласын қашықтықтан білдірген Баку славян университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Низами Мамедов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық қызметіне, шығармашылығына  қатысты сүбелі  ойларымен бөлісті. Сөзінің соңында  Низами Мамедов Алаш қайраткерлеріне, М.О. Әуезов шығармашылығына арналып жарыққа шыққан зерттеу еңбектері және «Қобыланды батыр» жырының қазақ тіліндегі нұсқасын әзірбайжан тіліне тәржімалаған еңбегін конференцияға қатысушылардың назарына ұсынды. Сондай-ақ конференцияға Түркиядағы Памуккале университеті, қазіргі түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі Нергиз Бирай  «Ана тілін білу, болмыс және Ахмет Байтұрсынұлы» атты баяндамасымен қатысты. Толығырақ »