Абайдың шығармашылығы
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа. Толығырақ »
Лай суға май бітпес қой өткенге
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? Толығырақ »
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап. Толығырақ »
ҚЫЗ СӨЗІ
Қиыстырып мақтайсыз
Ойласаң, не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлденеге бастайсыз. Толығырақ »
Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй. Толығырақ »
Қуатты оттай бұрқырап
Қуатты оттай бұрқырап,
Уәзінге[1] өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз —
Наданға қадірсіз. Толығырақ »