Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Мақалалар

Рақымжан Тұрысбек. АБАЙ ӘЛЕМІ: ӨНЕРІ МЕН ӨНЕГЕСІ

(Хакім Абайдың «Қарасөздеріндегі» ұлттық мұрат

пен руханият арналары хақында )

379

Р. Тұрысбек

     Хакім Абай бастапқы тұстан-ақ: «…өз сөзім- өзімдікі», — дегенді анық айтып, келесі кезектегі мақсат-мұраттарын айқындап, осы бағыттағы ұстаным-көзқарастарына мықтап табан тірейді. Көрген-білгенін, танып-түстегенін ақыл-көрігінде қорытып, таразыға салады [1, 270]. Әсіресе, адам-пенденің жаратылысына, табиғатына таңданысын жасыра алмайды. Өмірін, уақытын босқа өткізу, еңбегін-кәсібін бағаламау, білім-ғылым, тәлім-тәрбие ісіне мән бермеу, т.с.с. ақиқатын айтып, бағасын беріп, маңызын ашады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігіне де қапа болады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, іштен тынады. Оның мән-мәнісін былай білдіреді: «…бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айқастық, тартыстық-әурешілдікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік…» Бұған қоғам, өмір, тұрмыс-тірліктен мың сан дәлел-деректерді тілге тиек етеді. Адам мен оның өміріне, еңбек мұраттарына терең мән береді.  Келер күнге — келелі келешекке үміт көзімен қарайды. Толығырақ »

Әбділхамит Нарымбетов. «Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы

405444_1142330837_759_Narimbetov_Abdilxamyt

Ә. Нарымбетов

Абай – Қазақ халқының XIX – ғасырдағы кемеңгер ақын Абай шығармаларының идеялық тереңдігі, көркемдік байлығы жөнінде, әрине, бірден-бір дәл, анық, байыпты пікір айтқан – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол бір сөзінде:

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» Толығырақ »

Қажым Жұмалиев. АБАЙҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ

385431_102760169_446_Jumagaliev_Kajim

Қ. Жұмалиев

Абай — қазақтың әдебиет тілінің негізін салушы, дамытып, ілгерілетуші дегенде, біздің әдебиетшілеріміздің ескермей жүрген мәселесінің бірі — Абайдың алдындағы әдебиетіміздің тілі қандай еді, онда поэтик тілдерден не бар, не жоқ деген мәселе. Мұны әлі ешкім сөз қылған емес. Абай жөніндегі тексеру-зерттеулерді ақтарсақ, бұл туралы еш нәрсе таба алмаймыз.

Абай — ұлы ақын, кемеңгер ақын дегенде, онан бұрын еш нәрсе жоқ деп қарау дұрыс болмас еді. Абай — өзінен бұрынғы ауыз әдебиетін, жеке ақындардың әдеби мұраларын толық меңгеруімен, өз тұсындағы әдебиетке сын көзімен қарап, кемшіліктерін көре білуімен және кейінгілерге үлгі аларлық мұра қалдыруымен Абай. Толығырақ »

Айгүл Ісімақова. АБАЙ МҰРАСЫ – БҮГІНГІ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК

843911_867545990______________________________

А. Ісімақова

Әр әдебиетте сол әдебиеттің шыңы — ойлау жүйесінің көркемдік үлгісі, шынайы рухани көркем кұндылықгардың сәтті бейнелеуінің түрі болып қала беретін тұлғалы шығармашылықтар бар. Осылар — А.Байтұрсынұлы айтқан дарынды сөз жүйесі. Дүниежүзілік әдебиетте бұл құбылыс Шекспир, Гете, Абай, Бальзак, Сервантес, Пушкин, Толстой, Достоевский, Шәкәрім, Алаш әдебиеті шығармаларында бүкіл адамзатқа қажет рухани ойлардың талқылауын ортаға салумен іске асырылды. Осы әдебиет — А.Байтұрсынұлы айтқан «адамның, елдің, яки бүкіл жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын» айтқанымен де санасы бар адамта рухани тәжірибе ретінде қажет ғибратты мұра. Аталған ойлар Абай шығармаларының тұңғыш теориялық зерттеушісі А.Байтұрсынұлы анықтағандай әуезе, толғау, айтыс, яғни сөздердің айтылу түріне қарай да айқындала түседі. Толығырақ »

Мұхтар Мағауин. АБАЙДЫҢ БЕЛПСІЗ ӘҢГІМЕСІ

magauin

М. Мағауин

Қазақтың қасиетін тану Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай — қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі — халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар. Университет қабырғасында дәрісін тындап журген кезімізде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзінің: «Менің тілімде Абай тілінің мәдениеті бар», — деп балаша мақтанғаны көкейде қалыпты. Ол кезде «Абайтану» дейтін арнайы курс бар еді, «Абайтану» аталатын өрісті ғылым бар еді.

Толығырақ »

Нағима Байтенова. АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАУЛАРЫ

personalPhoto722_jpg

Н. Байтенова

Абай (Ибраһим) Кұнанбаев (10.08.1845 – 06.07.1904)  – қазақтың ұлы ақыны, философ, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, либералдық ислам өкілі. Абай шығармашылығында философиялық ой толғаныстарға толы көптеген өлеңдерімен қатар ерекше орын алатын 45 ойы аяқталған фрагменттен, нақыл сөзден тұратын  «Қара сөз» атты шығармасын атап өтуіміз қажет. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М. Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері – оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Толығырақ »

Жақан Молдабеков. АБАЙДЫҢ АДАМТАНУЫ

molda

Ж. Молдабеков

Абайтану — Абай мұрасының төте жолы, адам мен дүние мәселесіне барып тірелетін философиялық көзқарас. Кең мағынада абайтанудың «өз заманындағы қоғамдық мәселелерге, ақындық, көркемдік, эстетикалық мәселелерге, тәрбиелік, ұстаздық, педагогикалық мәселелерге, әсіресе адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар». М. Әуезов ескерткен Абайдың осындай мұралары әр қырынан талдануда. Десек те, абайтануды өмірдің ұлы ақиқатымен ұштастырарлық ізденістер үнемі жаңарып тұрмаса әрі абайтанудағы ақиқатты әр қауымның құлағына құйып, санасына сіңірмесе, онда ұлттық мәдениетте жалғастық баяулап, дәстүріміздің тұтастығына нұқсан келмек. Толығырақ »

Кәкен Қамзин. «Семипалатинские областные ведомости» ГАЗЕТІ АБАЙ АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ

Кәкен-Қамзин

К. Қамзин

     Қазақ өркениетінің өрісі талай жылдар бойы концептуалдық және танымдық жағынан Ресей тарихының құрылымдық-тақырыптық аясынан аса алмады. Қазақ елі тарихи сахнаға күні кеше шыққандай, оның мәдениеті мен өркениеті әлемдік  эволюция контексінен тыс қарастырылды. Оған себеп – сақара кеңістігін зерттеу шын мәнісінде кеңес заманында ғана басталды деген идеяның дәуірлеуі. Соның салдарынан жетпіс жылдан астам мәдени-тарихи сана үздіксіздігі, ой-толғам сабақтастығы мен жалғастығы көбінесе еске алынбады. Тоталитарлық идеологияның, бір жақты ойлау жүйесінің қазақ қоғамына тигізген осындай ғаламат залалы қоғамдық ой-сананың қалғуына, кенжелеп барып оянуына әкеліп соқты. Толығырақ »

Көпжасар Нәрібаев. АБАЙ — ТҰТАС БІР ӘЛЕМ

пор

К. Нәрібаев

(Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл)

Әдебиет пен өнердің әрбір ірі өкілінің өзі – тұтас бір дүние – әлем деуге лайықты үлкен құбылыс. Ал әрбір ірі суреткердің шығармашылық мұрасы адамзат баласының өткені туралы өкінішіне, алдағысы туралы үмітіне толы боп келетіні белгілі. Абай және оның шығармашылық мұрасы жайлы да осыны айту орынды. Қазақтың ұлы Абай Құнанбайұлының өзін де, оның әдеби мұрасын да арғы-бергі дәуірдің баршасының, оның ішінде бүгінгі кезеңнің де көкейкесті мәселелері тұғыр-тұрғысы аясында ғана дұрыс тануға, жете ұғуға болады. Толығырақ »

Ауданбек Көбесов. ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫ ҚАТАР ОҚЫҒАНДА

ШЫҒЫС ҒҰЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ АБАЙ

IMG

А. Көбесов

Данышпан Абайдың шалқар теңіздей ақындығының қайнар көздері жайлы аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Алайда оның ақын ғана емес, терең ойшыл-философ, білгір ғұлама болғаны белгілі. Ал ұлы ақынның бұл саладағы бастапқы нәр алған сусындаған бұлақ-бастаулары жөнінде, біздіңше, жетерліктей әңгіме, айрықша зерттеу болмаған сияқты. Толығырақ »