Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Мар »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829  

Февраль 2012

ЖАРТАС (М.Ю. Лермонтовтан)

Қонады бір күн жас бұлыт,

Жартастың төсін құшақтап

Жөнелді ертең, қалды ұмыт,

Көк жүзіне ойнақтап. Толығырақ »

Жарлы бай (И.А. Крыловтан)

Жаман үйде жалғыз шал,

Өзі — кедей, күңіренді.

Өзі көрген байлардың

Мінезінен жиренді.

Өзіне өзі сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

«Обал жоқ осы байларға

Мал қызығын көрмеген,

Жақсы төсек, тәтті ас жоқ,

Жан қадірін білмеген. Толығырақ »

Жалау (М. Ю. Лермонтовтан)

Жалғыз жалау жалтылдап 

Тұманды теңіз өрінде.

Жат жерде жүр не тындап?

Несі бар туған жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап. Толығырақ »

ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ (И.А. Крыловтан)

Тойған есек шөпті оттап манайдағы

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.

Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы. Толығырақ »

ӘНШІЛЕР (И.А. Крыловтан)

Көршіні көрші шақырды,

Болды да сыйлап ас бермек.

Қулығын іште жасырды:

Баланың әнін есіттірмек.

Балалар шулап, бақырды,

Ынтасы — даусын білдірмек. Толығырақ »

Дұға (М.Ю. Лермонтовтан)

Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,

Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.

Сонда сенің отыңды басатұғын.

Осы өлең — оқитұғын дұғам менің. Толығырақ »

Ұяламын дегені көңіл үшін

Ұяламын дегені көңіл үшін,

Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.

Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ.

Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Толығырақ »

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі, тұмар тағылса да.

Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,

Кім желігіп, қай шеттен қағынса да. Толығырақ »

Туғызған ата-ана жоқ

Туғызған ата-ана жоқ

Туғызарлық бала жоқ.

Туысқан-туған, құрбылас,

Қызығымен және жоқ. Толығырақ »

Түбінде баянды еңбек егін салған

Түбінде баянды еңбек егін салған.

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.