Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Мар »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829  

Февраль 2012

ШЫҒЫС АҚЫНДАРЫНША

Иузи — рәушан1, көзі — гәуһар2, (2)

Ләғилдек3 бет үші әхмәр4.

 Тамағи қардан әм биһтар5,

Кашың кұдрет6, қоли шигә7. Толығырақ »

Ысытқан

Ысытқан, суытқан

Бойыңды бір көңіл.

Дүниені ұмытқан

Құмарың тозар, біл. Толығырақ »

Қор болды жаным

Қор болды жаным,

Сенсізде менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым; Толығырақ »

Қартайдық, қайрат кайтты, ұлғайды арман

Қартайдық, қайрат кайтты, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман. Толығырақ »

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек.

Ашуың — ашыған у, ойың — кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Толығырақ »

Қарашада өмір тұр

Қарашада[1] өмір тұр,

Тоқтатсаң тоқсан[2] көнер ме?

Арттағы майда көңіл жүр,

Жалынсаң қайтып келер ме? Толығырақ »

ҚАРА ҚАТЫНҒА

 Қара қатын дегенге, қара қатын,

Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын.

Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,

Қазақтың не қыласың шарағатын[1]. Толығырақ »

Қансонарда бүркітші шығады аңға

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Толығырақ »

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?

Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.

Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,

Алмасы өкпе болар қол батпаған. Толығырақ »

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Толығырақ »