13-Апрель, 2017
ҚазҰУ естелігі
Студенттік жылдардың тәмәмдалуына санаулы уақыт қалды. Көптен күткен дипломдық қорғау күнім де келді… Бүгінгі күнгі зерттеу жұмысымның жоғарғы деңгейде қорғалуына, өзекті тақырыптың таңдалуына, белсенді тәжірибеден өтіп, нәтижесінде жан-жақты білікті маман атануымды қалаған, мені ғылым шыңына қарай жетелеген 0айталанбас тұлға алтын адам — Қожахметова Клара Жантөреқызы. Кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы, парасаттылығы мен бекзаттығы «ұстаздық» деп аталатын ұлылықтың өлшеміне айналған ұстазым Клара Жантөреқызы өмірден өткенімен, біздің есімізде мәңгі қалған қайталанбас тұлға. Менің бағыма орай, мені өз жетекшілігіне алды. Қаншама студенттерге бұйырмаған бұл бақыт маған бұйырды. Жетекшім бірде өз сөзінде «Мен қыранды балапан кезінен таңдап аламын»- деп жымиып айтатын… 2 курсымда Клара апайымның тандап алған қырандарының бірі атандым. «Аянбай еңбек етуден шаршамағың», «алға ұмтыл», «ғылым жолы қиын жол»- деген нәзік үнді сөздерімен қуаттандырып, алға ұмтылыс, бойыма сенім ұялататын-ды. Толығырақ »