Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн   Ноя »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

6-Август, 2021

«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық ғылыми онлайн конференция

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 2021 жылдың 10 тамызында өтетін «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық ғылыми онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға қазақстандық әдебиеттанушылар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері шақырылады.

Конференция мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастыру. Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

— Абайдың шығармашылық тұлғасы және тағылымы;

— Абайдың шығармашылық мұрасының ерекшелігі;

— Абайдың ілімінің негізгі ұстанымдарын саралау;

— Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы;

Конференция 2021 жылдың 10 тамызында сағат 15.00-де «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.

Байланыс телефондары:  

8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы);

8747 896 74 79 (Бибігүл Дәулетқызы);

8777 212 20 83 (Гүлдана Қуатқызы);

 

Материалдар 2021 жылдың 9 тамызына дейін қабылданады. Мақалаларды мына электронды мекенжайға жіберу қажет:  Abaigzikonf@mail.ru. Конференция материалдарын электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа Халықаралық стандарттық номер (ISBN) беріледі.

Толығырақ »