27-Август, 2021
Абай күніне арналған онлайн конференция
Абай күніне арналған онлайн конференция
Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай елімізде 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Биылғы жылы данышпан ақын Абай Құнанбайұлы 176 жасқа толып отыр. Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты былтырғы жылдан бері дәстүрге айналған «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық онлайн конференция өткізді. Конференцияда қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімі заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастырылды. Конференцияны Абай ҒЗИ-дың жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., професор м.а. Ләйла Жұматайқызы Мұсалы жүргізді.
Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Жанғара Дәдебайұлы Абай ҒЗИ-да атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «Абай күнінде айтар жетістіктеріміз» атты баяндама жасады. Баяндамада Жанғара Дәдебайұлы Абайтану саласында нақтылы талдау, пайымдаулар бағытында іргелі ізденіс жасаған ғалымдардың еңбектері негізінде «Қазақ университеті» баспа үйінен Абайтану таңдамалы еңбектерінің 50 томдығы мен оның құрамдас саласы – «Абайтану» антологиясының 10 томдығы басылымға шыққанын мәлімдеді. Абай ілімін терең игеру, меңгеру мақсатында оқырманға жол тартқан бұл еңбектерді университет кітапханасы, Абай институты мен баспа сайты арқылы пайдалануға болатыны жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай мұрасын ЖОО-да оқыту туралы тапсырмасына байланысты университетіміздің Ғылыми кеңесі шешімімен барлық мамандыққа «Абай ілімі» таңдау пәні ретінде оқытылатынын жеткізді. «Абай ілімі» пәнін оқытудағы мақсатты ұстанымның мазмұны «Абай ілімі туралы түсінік», «Абай ілімінің қайнар көздері», «Абай ілімінің құрамдас бөлімдері», «Абай ілімінің категориялары», «Абай ілімінің өлшеу құралдары», «Абай ілімінің мәні мен маңызы» тарауларына бөлінгенін тұжырымдады. Толығырақ »