Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Өлеңдері

Мен боламын демеңдер

Мен боламын демеңдер,

Аяқты алшаң басқанға.

Екі көзің аларып,

Құр қарайсың аспанға. Читать далее »

Мәз болады болысың

Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға,

Шелтірейтіп орысың[1],

Шенді шекпен жапқанға. Читать далее »

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Аларында шара жоқ алдамасқа.

Табысына табынып, қалтаң қағып,

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа. Читать далее »

Лай суға май бітпес қой өткенге

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? Читать далее »

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

Қыран шықса қияға, жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап. Читать далее »

Қызарып, сұрланып

Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып,

Өзді-өзі керегі. Читать далее »

ҚЫЗ СӨЗІ

Қиыстырып мақтайсыз

Ойласаң, не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ, өзің біл,

Әлденеге бастайсыз. Читать далее »

Құр айқай бақырған

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған

Кісіге сән бе екен? Читать далее »

Құлақтан кіріп, бойды алар

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй. Читать далее »

Қуатты оттай бұрқырап

Қуатты оттай бұрқырап,

Уәзінге[1] өлшеп тізілген.

Жаңбырлы жайдай сырқырап,

Көк бұлттан үзілген.

Қайран тіл, қайран сөз —

Наданға қадірсіз. Читать далее »