Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Өлеңдері

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны — терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп. Толығырақ »

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Толығырақ »

Жастықтың оты, қайдасың,

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай? Толығырақ »

Жастықтың оты жалындап

Жастықтың оты жалындап

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиынға салған шақ. Толығырақ »

Жас өспірім замандас қапа қылды

Жас өспірім замандас қапа қылды,

Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды.

Тұрлау қылып ешнәрсе басқара алмай,

Сенімі жоқ серменде, өңкей жынды. Толығырақ »

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да. Толығырақ »

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін.

Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды,

Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн. Толығырақ »

Жақсылық ұзақ тұрмайды

Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әркез тозбайды.

Үміттің аты елеріп,

Қос тізгінді созбайды. Толығырақ »

ЖАЗҒЫТҰРЫ

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі. Толығырақ »

ЖАЗ

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда; Толығырақ »