Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Басты бет

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Айтматов академиясының, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Дандай Ысқақұлы  — 75 жаста

Құрметті ДАНДАЙ ЫСҚАҚҰЛЫ!

Абай ғылыми-зерттеу институты ұжымы атынан Сізді бүгінгі жеті белестен асқан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз өткен ғасырдың екінші жартысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітіргеннен бастап, ұлттық әдебиеттануға, атап айтқанда, қазақ әдеби сыны теориясы мен тарихына үлкен үлес қосып келесіз. Еңбек жолыңызды ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болып, кейін ұстаздық қызметке  ауысқаннан бері әдебиетті зерттеу, оқыту ісіне, жас ұрпақ тәрбиесіне де белсене араластыңыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика, филология  факультеттерінде  аға оқытушысы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1977-2000), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде профессоры (2000-2004) ретінде жастарды  білім-ғылымға баулыдыңыз. Сіздің ғылым жолындағы табанды да нәтижелі жұмыстарыңыз замандастарыңызға, шәкірттеріңізге үлгі болып келеді. «Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сыны» тақырыбында кандидаттық (1975), «Қазақ әдеби сынының ғылыми негіздері» бойынша докторлық (1994) диссертацияларыңызда әдеби сын теориясы мен тарихы ғылыми тұрғыдан пайымдалады. Сіз жас ғалымдар дайындауға да белсене араласып келесіз. Сіздің жетекшілігіңізбен он шақты кандидаттық диссертация қорғалды.

Сіздің қаламыңыздан туған 28 кітап қазақ әдебиеттануына қосылған іргелі зерттеулер қатарына жатады. Сіз — интеллектуалдық әлеуеті жоғары ғалым ретінде көптеген энциклопедияларды («Қазақ Совет Энциклопедиясы», Қазақ ССР. Қысқаша Энциклопедия», «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия», Мәскеуде шыққан тоғыз томдық «Қысқаша әдеби энциклопедия», «Абай», «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы»  энциклопедиялары т.б., сондай-ақ, академиялық «Стиль сыры», «Дәстүр және жаңашылдық», «Көкейкесті әдебиеттану», «Қазақ әдебиеті тарихының қысқаша курсы», «Әдебиет теориясы», көптомдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» «Қазақтың жүз романы» т.б. сияқты іргелі еңбектерді жазуға қатыстыңыз.

Сіздің, негізінен, қазақ әдеби сынының теориясы мен тарихына, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің проблемаларына арналған «Әдеби көркем сын», «Сын жанрлары», «Сын өнері» атты еңбектеріңізде әдеби сынның теориялық мәселелері қазақ әдебиеттануында арнайы зерттеліп, жеке ғылым саласы ретінде негізі салынды, қазақ әдеби сынының сан ғасырлық жүріп өткен жолдары, даму проблемалары ғылыми тұрғыдан сараланды.

Сіз ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының өмір жолын танытуға зерттеуге де еңбек сіңіріп келесіз. «Әдебиет айдынында» атты кітабыңыздан басталған әдеби толғаныстарыңызда Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Қажым Жұмалиев, Темірбек Қожекеев, Рахманқұл Бердібай, Зейнолла Қабдолов, Зәки Ахметовтардың ұлттық руханиятқа сіңірген  еңбектері  жан-жақты қарастырылады.

Қазіргі қазақ руханиятының көкейкесті мәселелеріне де сіз әрқашан үн қосып келесіз. 2014 жылы  жарық көрген «Мәңгілік майдан, немесе тілдер тоғысындағы түркі әлемі» және «Түркілік ортақ термин негіздері» аталған қос бірдей монографияңызда жаһандану дәуіріндегі әлемнің тілдік бейнесі, қазақ тілінің жай-күйі, түркілік ортақ рухани құндылықтар сияқты бүгінгі түркітанудың аса маңызды мәселелері жан-жақты қарастырылған. «Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы» (2020) еңбегіңізде ұлттың даму жолындағы тілдің шешуші рөліне назар аударылды. Сіздің зерттеулеріңіз шетелдерде де жарияланып, қазақ әдебиетінің шеңберін кеңейтуде. «Мағжан — поэзия падишасы» атты монографияңыз  2020 жылы Түркияда жарық көрді.

      Қадірлі ДАНДАЙ ЫСҚАҚҰЛЫ! Сіздің осындай қажырлы да тынымсыз шығармашылық еңбегіңіздің бұдан ары да жалғасып, қазақ руханиятына үлес болып қосыла беруіне шын жүректен тілектеспіз. Сізге таусылмас күш-қайрат, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыстар тілейміз.

Абай ғылыми-зерттеу институты 

 

    

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ЗҰФАР НҰРСАПАҰЛЫ СЕЙТЖАНОВ  —  80 ЖАСТА

Қымбатты ЗҰФАР НҰРСАПАҰЛЫ!

Әл-Фараби атындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұжымы атынан Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ұстаздық еткен жалықпас» демекші, сонау 1965 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен бастап Сіз ұстаздық, ғалымдық қызметпен үздіксіз айналысып келесіз. Өткен ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда Аякөз ауданы Таскескен селосы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім болудан бастаған еңбек жолыңыз көптеген игі істер мен өнегеге толы.

1975-1991 жылдар аралығында Сіз Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми және аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқардыңыз. 1992 жылдан бастап әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде шәкірттерге дәріс оқып,  әдебиеттану, фольклортану әлемінің қыр-сырын үйретіп келесіз. Сіздің «Қазақтың реальды-тарихи эпосы» деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертацияңыз, Қытайдағы қазақ әдебиетінің тууы, даму жолдары» атты докторлық диссертацияңыз, «Тарихи эпос» атты монографияңыз, «Ақыт ақын», «Көне эпос»,  «Халық әдебиеті» атты оқу құралдарыңыз әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес болып қосылды. Сіз «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» екі томдық зерттеу еңбек авторларының бірі ретінде қазақ әдебиеті тарихын жүйелеу ісіне де атсалыстыңыз, аударма саласында да еңбектеніп,  Халифа Алтайдың «Ата жұрттан Анадолыға дейін» (1995) атты хикаятын түрік тілінен қазақшаладыңыз. Сіздің  «Рауан», «Жанарымда жарық күн», «Жансарай» т.б. өлең жинақтарыңыз поэзия сүйер оқырманға жан азығын сыйлайды.

Қадірлі ЗҰФАР НҰРСАПАҰЛЫ! Сегіз белестен асқан мерейлі шағыңызда Сізге қажымас қайрат, ұзақ өмір, шығармашылық табыстар тілейміз.  Болашақ жастарға үлгі болар осындай өнегелі өмір жолыңыз жалғаса берсін, қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне әлі де үлес қоса беріңіз.

 Құрметпен, Абай ғылыми-зерттеу институты

Академик Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев – 111 жаста (Абай ҒЗИ-да өткен өнегелі жиын)

Академик Нығмет Сауранбаев – 111 жаста

(Абай ҒЗИ-да өткен өнегелі жиын)

Қазақ руханиятын өрге сүйреп, ұлттың баға жетпес асыл мұрасын ардақтаған қаншама тұлғалар бар. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, біртуар тұлға Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтың тіл мүддесіне арналған еңбектерін кеңінен зерделеп, насихаттау мақсатында «Нығмет Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері жəне қазақ филологиясының өзекті мəселелері» тақырыбында ғылыми-теориялық онлайн конференция өтті.

Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Мәжілістің модераторы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ләйла Мұсалы болды.

Танымдық-тағылымдық мәні зор ғылыми жиынды Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлы Дәдебаев ашып, ұлағатты ұстаз, қазақ тіл білімі мен әдебиетінің дамуына, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз із қалдырған ғылым қайраткері  Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтың өмірі мен шығармашылығы, ғылыми тұғырлы мұраттары тұрғысында пікір өрбітіп, ғалым мұрасын ұрпақ жадында жаңғыртып отырудың мән-маңызына тоқталды. Толығырақ »

Құрметті оқырман!!!

 

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның алтыншы томына А. Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» және Ж. Ысмағұловтың «Aбaй. Даналық дәрістері» атты монографиялық еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.

Құрметті оқырман!!!

 

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның бесінші томына Т. Әлімқұловтың «Жұмбaқ жaн» және                З. Ахметовтің «Aбaйдың aқындық әлемі» атты монографиялық еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.

 

 

Құрметті оқырман!!!

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның төртінші томына А. Машановтың «Әл-Фараби және Абай»,      Қ. Мұхамедхановтың «Aбaй шығармаларының текстологиясы жайында» атты монографиялық еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.

 

«НЫҒМЕТ САУРАНБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-теориялық онлайн конференция

 

Н.Сауранбаев. Абай ҒЗИ -2021  https://youtu.be/0RWQD1Dnd0o

Нығмет Сауранбаев

Н.Т. Сауранбаев

«Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты семинар-конференция

https://drive.google.com/drive/folders/1oAh-WsfDQ7f32a5dvQkdyrhkVbm3AydZ?usp=sharing

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Белгілі әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚАНИПАШ ҚАЙСАҚЫЗЫ МӘДІБАЕВА  — 70 ЖАСТА

Қымбатты ҚАНИПАШ ҚАЙСАҚЫЗЫ! Әл-Фараби атындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұжымы атынан Сізді жеті белеске жеткен мерейлі жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

1972 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін үздік дипломмен аяқтағаннан бері сіздің еңбек жолыңыз ұстаздықпен, ғалымдықпен жалғасып келеді.  1990 жылдан бастап Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны (қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиет теориясы) кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра профессоры міндеттерін атқарып келдіңіз. Ұзақ жылғы жемісті ұстаздық қызметіңіз үшін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болдыңыз.

1995 жылы  қорғаған кандидаттық диссертацияңызда қазақ әдебиеті тарихындағы ұзақ жылдар бойы қозғалмаған, күрделі мәселені – зар заман ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасын жан-жақты зерттедіңіз. «Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі» (2006) атты докторлық диссертациясыңызда осы бағыттарды тереңінен қарастырдыңыз. Сіз ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы, махамбеттану, абайтану, зарзамантану саласының маманысыз, осы салада айтарлықтай нәтижелі жұмыстар атқардыңыз. Сіздің ғылыми-зерттеу бағытыңызда қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиет тарихы саласының теориялық және практикалық мәселелері, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін өлең үлгілері, жанрлық даму, көркемдік ерекшеліктер, аймақтық әдеби дәстүр, жеке шығармашылық тұлғалардың қазақ әдебиеті тарихындағы орнын зерттеуді дамыту мәселелері талданады. Сонымен қатар, сіз  ХІХ ғасыр әдебиетінің даму бағыттарын, көркемдік ерекшелігін ғылыми негіздеуге арналған бірнеше ғылыми жұмысқа жетекшілік жасадыңыз.

Сіз ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеу мен жоғары мектепте оқытудың жаңа бағыттарын айқындауға нақтылы зерттеу, тәжірибелік жұмыстарына өзіндік үлес қосып келесіз. Көп жылдар бойы университет бакалавриатында «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы» пәнінің жалпы курсынан дәріс оқыдыңыз, магистатурада «Махамбеттану», «Абайтану» арнаулы курстарын өткіздіңіз. Сіз «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы» пәнінің филология, қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика мамандықтарына арналған типтік оқу бағдарламаларының авторысыз. Сіздің қазақ әдебиетіндегі шығармашылық тұлғаларға арналған әдеби сын, зерттеу мақалаларыңыз республикалық баспасөз беттерінен жиі көрініп отырады.

Сіздің қаламыңыздан туған «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2001, 2004), «Зар заман ағымы» (1997) оқу құралдары, «ХІХ ғасыр әдебиетін оқытуға арналған әдістемелік нұсқау» (1996), «Абайтану» арнаулы курсына оқу құралы, «Хандық дәуір әдебиеті» (1996) т.б. еңбектеріңіз  республика ЖОО-ларында әдебиетті зерттеу мен оқытуда кеңінен қолданылып келеді. Бұған қоса сіз ҚР Білім стандарттарын айқындау, бекіту шараларына әдебиет пәндері  бойынша ұтымды оқу-әдістемелік нәтижелерімен қатысып келе жатқан білікті мамансыз, жоғары мектепте оқытуға арналған бірнеше оқу құралдарының авторысыз.

Ерекше атап өтер тағы бір еңбегіңіз — жас ұрпақты рухани тұрғыдан дамыту мақсатында ҚазҰУ-дың филология факультетінде өзіңіз құрған «АйАру» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы, оның құрамындағы «Ғылымға жол» жас зерттеушілер үйірмесі арқылы республикалық деңгейде мазмұнды да қызықты әдеби-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, өткізгеніңіз. Сіз жетекшілік жасаған орталықта қаншама студенттің шығармашылық қабілеті шыңдалды, рухани азық алды. ҚазҰУ-да жарық көрген «Ай-Ару» журналы да студенттердің қызығып оқитын басылымы болды.  «Өзгенің бақытын аялап, өзінің уақытын аямаған» нағыз ұстаз ғана шәкірттері мен әріптестеріне осындай өнеге көрсете білсе керек!

Қадірлі Қанипаш Қайсақызы! Ғылым-білімнің қиын жолында қажымай-талмай ізденіп, үлкен еңбекпен, қарапайымдылықпен, абыроймен  жеткен мерейлі жасыңызда өзіңізге зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз, ұстаз бақытына, ана бақытына бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіз!

Құрметпен, Абай ҒЗИ ұжымы