Январь 2012
Көк тұман — алдыңдағы келер заман
Көк тұман — алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған. Толығырақ »
Көзінен басқа ойы жоқ
Көзінен басқа ойы жоқ
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңлі тым-ақ тоқ,
Жайқаң-қайқаң әрнесі. Толығырақ »
КӨЖЕКБАЙҒА
Жамантайдың баласы Көжек деген,
Әркімге өсек тасып безектеген.
Досын келіп досына жамандайды,
Шіркінде ес болсайшы сезед деген.
Кейде есер көңіл құрғырың
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын
Асау жүрек алқынар. Толығырақ »
Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос — ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! Толығырақ »