Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Январь 2013
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек   Фев »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

3-Январь, 2013

Жұмат ТІЛЕПОВ . АБАЙДЫҢ «ЕСКЕНДІР» ПОЭМАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

Ж. Тілепов

Сандаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің жорық жолын дәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді. Тек бір ғана шығыс елдерінің өзінде Балами, Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты таланттардың негізгі шығармалары Александрдың жорық жолдарын уағыздауға арналған. Оның сыртында халық атымен айтылатын көптеген аңыздар қаншама! Ежелгі римдік тарихшы Ф. Аррианнан бастап бірсыпыра тарихшылар Ескендір Зұлқарнайын патшаның өмір тарихын ыждаһаттылықпен хатқа түсірген (Арриан, Поход Александра. М. Л, 1962). Демек, Александр хақындағы әдеби шығармалар да, тарихи еңбектер де, фольклорлық туындылар да аз емес. Толығырақ »

Қабай. АБАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ

Қабай

Қытайда Абайды алғаш рет аударып зерттеген адам Қабай болды. Қабай — Абай десе ішкен асын жерге қоятын ғалым, зерттеуші әрі аудармашы. Ол мына мақалада Қазақстанда Абай туралы жарияланған көптеген материалдарға сүйене отырып, оны қытай халықына жүйелі түрде таныстыруға тырысқан. Мақала негізінен Абайдың өмір жолы, шығармашылығы және оның өлеңдеріне талдаулар секілді бірнеше бөлімнен тұрады. Толығырақ »

Қайым Мұхамедханов. Ұлы ұстаз

Абайдың ақындық еңбегі қазақ әдебиетін жаңа бағытта ілгері дамытумен бірге, қазақ қоғамының дамуына да игі әсер етті.

«Әдеби шығарма тек көркемдік қасиетімен ғана емес, қогамның дамуына ететін игі әсерімен, эдебиетгі ілгері да-мытудағы әсерімен бағаланады», — дейді Н.Г.Чернышевский.

Абай өзінің бойына біткен табиғи талантын, ақындық өнерін, ақыл-ойын, жігер-қайратын, парасат-білімін, бүкіл саналы өмірін туған халқына арнады. Толығырақ »

Әбділда Тәжібаев. БІРІНШІ АҚЫН

Қазақ ақындарында поэзия мақсатын орыс классиктерінше, сыншыл демократизм тұрғысынан ұғындырған бірінші ақын — Абай.

 Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, — Толығырақ »