Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2013
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт   Дек »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

5-Ноябрь, 2013

Мүбәрәк Үмбетаев. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ОҚУ-ҒЫЛЫМ ТАҚЫРЫБЫ

A9RD710

М. Үмбетаев

  Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең  өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені  даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдерінен байқаймыз. Алдымен, ақын өз басындағы кешігушіліктен бастайды: Толығырақ »

Зарқын Тайшыбай. ЕСКЕНДІР ӘҢГІМЕСІ

37Ty9cWPsHr368ees3Sc8dTnERs57H

З. Тайшыбай

Абай мұраларын зерттеуде әлі де шешілмеген түйіндер, жауабы табылмаған сұрақтар баршылық. Абайтану ғылымында бұрынғы айтылған ойларды қайта қарап, тереңірек үңілсе, ақын лабораториясына жетелейтін күрделі проблемаларды көруге болады. Солардың бірі  «Ескендір» поэмасына байланысты.

«Жалпы композициялық құрылымы жағынан алғанда, «Ескендір» — Абайдың ең жақсы поэмасы», —  дейді М.Әуезов. Мұқаң бұл шығарма төңірегінде көп еңбектенген. Оның негізіне алынды-ау, деген шығыс дастандарын зерттей келіп, бұл сюжеттің Низами (1141-1203) жазған «Ескендірнама-дан» алынғанына табан тірейді. «Бірақ… әңгіменің желісін Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған», — дейді. Өйткені, мұнда «Ізденгіш, сыршыл Абай» бұл шығармасына «өзі айтатын «бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық» дейтін терең сырлы нақылға дәл келетін халдер» бар. Толығырақ »

Ислам Жеменей. АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ

4

И. Жеменей

Абай қазақ халқының күйреген саяси жүйесі мен жаңа саяси жүйесі арасына алтын көпір болып қаланды. Көшпелі руханиятын отырықшы руханиятпен сәтті жалғастырды. Шығыстық қымбат қазынасын батыстық өркениетпен ұштастырды. Исламдық таза-лықты кертартпа ұғымдардан аршып алды. Өз тарихының тереңдегі тамыр­ларынан, жаһан-дық ислам дүниетанымынан сусындап, қазақ халқының жарқын келе­шегіне, ой-сана­сының оянуына жанған шам­шырақ болды. Терең ойларымен қазақ халқы ның тарихи сана­сының, рухани қазынасының әлемдік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Алаш қайрат­керлерінің рухани бұлағы бола білді. Толығырақ »

Ерхан Кәрібозов. Абайтану мәселелерінің жаңа заман көзқарасымен зерттелу жайы

(Абай институтының хабаршысында жарияланған материалдар негізінде)

18696

Е. Кәрібозов

Абайтану мәселесі жылдар бойына зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған зерттеуші, ғалым, ақын, жазушылар сөзінің біссімілләсін Абай шығармашылығынан бастайтыны көзі қарақты оқырман қауымға әбден таныс. Себебі, ғалым Б.Майтанов айтқандай, қазақ терең ойлы, сауатты да алғыр, талантты да шешен ақынға кенде болмаған. Алайда, талғампаз тағдыр сөз өнерінің мұзарт шыңына Абайды ғана көтерді. Абай шығармашылығы туралы революцияға дейінгі жазылған азды-көпті  мақалалардан бастап қаншама зерттеу мақалалар, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бірақ, Абайдың аса бай шығармашылық мұрасын тауыса талдау мүмкін емес. Өйткені, Абай – бір пайызы ғана көрініп, тоқсан тоғыз пайызы тылсым дүние болып қала беретін ақындық өнердің Айсбергі. Толығырақ »

Амантай ШӘРІП. АБАЙДЫҢ «ЖАЗУЫ» МЕН «АЙТУЫ»: ЖАҢА МЕНТАЛЬДІК ЖОЛЫНДА

6fR1BzkJ

А. Шәріп

Руханияттың ұлы реформаторы Абай Құнанбайұлы қазақ қоғамына соны сападағы, тың тараптағы дүниетанымдық жаңалықтарын енгізіп, ұлт ментальдігінің  дәстүрлі де дағдылы сипаттарын қайта таразылайтын түбегейлі төңкеріс жасады.  Оның бір қыры ақын мен жұртшылық арасын жалғаған үйреншікті үрдістерге көзқарасынан белгі береді.

          Осы орайда Абай өз лирикасында сөз ұғу («Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?»; «Мұндасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық»; «Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық»; «Сөзімді ұғар елім жоқ», т.б.) және сөз тану («Қабыл көрсе сөзімді, Кім таныса, сол алсын»; «Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы»; «Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ»; «Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса») тіркестеріне біршама жүгінеді. Толығырақ »

Рақымжан Тұрысбек. АБАЙ ӘЛЕМІ: ӨНЕРІ МЕН ӨНЕГЕСІ

(Хакім Абайдың «Қарасөздеріндегі» ұлттық мұрат

пен руханият арналары хақында )

379

Р. Тұрысбек

     Хакім Абай бастапқы тұстан-ақ: «…өз сөзім- өзімдікі», — дегенді анық айтып, келесі кезектегі мақсат-мұраттарын айқындап, осы бағыттағы ұстаным-көзқарастарына мықтап табан тірейді. Көрген-білгенін, танып-түстегенін ақыл-көрігінде қорытып, таразыға салады [1, 270]. Әсіресе, адам-пенденің жаратылысына, табиғатына таңданысын жасыра алмайды. Өмірін, уақытын босқа өткізу, еңбегін-кәсібін бағаламау, білім-ғылым, тәлім-тәрбие ісіне мән бермеу, т.с.с. ақиқатын айтып, бағасын беріп, маңызын ашады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігіне де қапа болады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, іштен тынады. Оның мән-мәнісін былай білдіреді: «…бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айқастық, тартыстық-әурешілдікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік…» Бұған қоғам, өмір, тұрмыс-тірліктен мың сан дәлел-деректерді тілге тиек етеді. Адам мен оның өміріне, еңбек мұраттарына терең мән береді.  Келер күнге — келелі келешекке үміт көзімен қарайды. Толығырақ »