Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2013
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт   Дек »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

25-Ноябрь, 2013

Салық Зиманов. АБАЙ – ҰЛЫ БИЛЕРДІҢ СОҢҒЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІТІМ-БИЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

zimanov_salyk

С. Зиманов

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – Шығыс ойшылдарының өнегелі үлгілерін игерген қазақ әдебиетінің классигі, маңдай алды ақын, кемел ойлы философ ретінде тек қазақ топырағына ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі. Мұхтар Әуезов айтқанындай, «Соның барлығымен қатар Абайдың ел ішінің ең үлкен, ең іргелі биі болғанын да еске алу керек». «Билікке келгенде Абайдай әділ, таза, дұрыстығы күшті биді Тобықты іші бұрынғы заманда да көрген жоқ деп айта аламын», – дейді замандастарының бірі.

Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жора ережелеріне негізделген қазақ заңдарының күші әлі де Ресей отаршылық дәуірінде де жойыла қоймаған ортада, оларды қазақ халқының бірлігі, тыныштығы, болашағы үшін жаңаша көзқараспен мейлінше пайдалана білген, XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ірі тұлғалардың алды Абай. Оның шешен-би ретінде атқарған қызметі, жол-жора ережелеріне енгізген жаңа үлгілері көшпелі қазақ халқының рухани өмірінің дамуына едәуір әсерін тигізді. Толығырақ »

Айнаш Сейітова. АБАЙ МЕН ХАФИЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КУЛЬТІ

“Кәміл инсан” (انسان الکامل) – “толық адам” түсінігі Абайдың шығармашылығында әр қырынан жан-жақты қарастырылады. Ақын:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- Толығырақ »

Жұмағали Ысмағұлов. АБАЙ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

500786_1403227602_1186___smagulov_Jumagaly

Ж. Ысмағұлов

Ұлы Абайдың ақындық әлеміне ой жүгірткен кезде, оның өз мұрасы немесе шығармашылық айналасы ғана емес, солармен бірте оның ұлттық поэзиямызға көзқарасы, қазақ өлеңінің болашақ даму арналары жөніндегі толғаныстары да түп-түгел көз алдымызға елестейді. Солардың барлығын жинастыра отырып, өз зердемізде қорытсақ, Абайдың біртұтас сындарлы эстетикалық көзқарастары ойымызда қатар өріліп жатады.

Сондағы алдымен ауызға аларымыз «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» дейтін шығармасы болмақ. Өлең өнерінің көркемдік табиғатын ашатын бұл айтулы туынды жөнінде бұрын да айтқанбыз. Сөз реті келіп тұрғандықтан, сол пікірлерді ықшамдап тағы бір еске түсірмекпіз.

Абайдың сөз өнері туралы айтқан лұғатты пікірлері көлем жағынан онша көп емес. Санаулы ғана. Ал солардың ішінде бағдарламалық мәні бар ең жиынтықты шығармасы — жаңағы «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты шумақтары. Бағдарламалық мен деген сөз бұл жерде тегін айтылып отырған жоқ. Бас-аяғы он бес шумақ өлеңде көркем әдебиет, ақындық дарын, өлең өнері деген келелі ұғымдардың мәнін өз заманында қазақ санасына түсінікті етіп аша білген Абайдың бұл шығармадағы ойлары біз үшін өте қымбат. Толығырақ »