Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн   Фев »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

26-Декабрь, 2016

«Абайтану» біліктілікті арттыру курсы

img-20161206-wa00161Жақында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында орта мектеп мұғалімдеріне арналған республикалық «Абайтану» біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Курсты Абай ҒЗИ және ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырды.

Біліктілікті арттыру курсында ҚазҰУ-дың абайтанушы профессор- оқытушылары Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, З.Бисенғали, М.Үмбетаев, Д. Әлкебаева, С Жусанбаевалар дәріс оқыды.  Толығырақ »

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

img_6389

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1 курс студенттері қатысуымын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтыратын көне тарихы бар кемел тілімізге арналған кеште Қырғызстан азаматшасы Амина, Кореялық Лия т.б. шетелдік студенттер ана тілдерінде өлең оқып, «Бір жер — мың тіл» тақырыбында ой бөлісті. Үш тұғырлы тіл саясаты аясында ағылшын сондай-ақ француз, неміс тілдерінде еркін сөйлейтін кафедра студенттері келген конақтарға презентация көрсетіп, қазақ тілінен шет тілдеріне аударылған жаңа көркем шығармалармен таныстырды. Ашық тәрбие сағатына кафедра меңгеруші Д.А.Қарағойшиева, кафедра оқытушылары Л.Мұсалы,   М. Жанабекова, Г.Шарипова қатысты.

 

 Бектұрова Э.К., Әзімбаева И.Қ.

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі

кафедрасының аға оқытушылары.

 

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ширек ғасыр

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын заңды түрде мерекелеу қаулысына сәйкес 2016 жылдың  желтоқсан айында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Д.А. Қарағойшиева, М.А. Жанабекова, Г.С. Сулейменова және М.С. Оңғарбаевалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Ұлы Дала елінің тәуелсіздігіне – 25 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа білім және тәрбие беру барысында халқымыздың жылдар бойы армандаған тәуелсіздігін сақтауға, оны жұмыла нығайтуға, осы жылдар аралығында  қолы жеткен жетістіктерін бағалауға, бұқаралық ақпараттық құралдар  арқылы еліміз танылған жақын және алыс шет елдерде де  кеңінен жария етуге ат салысу. Сонымен қатар ҚазҰУ оқытушылары ұжымындағы ұйымшылдық қарым-қатынастың  маңыздылығын арттыру және жан-жақты кәсіби білім деңгейін көтеру, кафедраның  білім және тәрбие ісін жандандыру болып табылады. Толығырақ »