30-Май, 2017
Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек. Толығырақ »
Техас технологиялық университетінің профессоры Костика Брадатан Қазақ Ұлттық Университетінде
Техас технологиялық университетінің PhD, профессоры Костика Брадатан (Costica Bradatan) 06.05.2017 — 12.05.2017 жж. аралығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында “In Praise of Failure. A Manifestation for Humility” атты дәрістер курсын оқыды. Костика Брадатан 2016-2017 оқу жылы халықаралық Fulbright грантымен Францияда ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып, аталған грант шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Harvard басылымында 2019 жылы жарық көретін «In Praise of Failure. A Manifesto for Humility» атты еңбегі шеңберінде дәрістер оқыды. Сонымен қатар бірнеше тілдерге аударылған «Dying for Ideas. The Dangerous Lives of the Philosophers» атты еңбегі бойынша ғылыми семинар өткізді. Профессор Костика Брадатанмен әріптестік орнату кафедраның жанынан жақында ашылған дінтанулық зерттеулер және сараптама орталығының алдағы ғылыми жұмыстарына жаңа серпіліс беріп, Қазақстандағы, сондай-ақ университетіміздегі дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоспақ. Толығырақ »
Қосдипломды білім беру бағдарламасы — ғылыми бағыт ізденушілері үшін зор мүмкіндік!
Жаһандық дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – мемлекетіміздің, сонымен қатар жоғары білім беру саласының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университтері рейтингіне енуге ұмтылуы керек» деп атап көрсеткен болатын. Аталған мақсатқа жетудің аса маңызды бөлігі Болон процесіне қатысу болып табылатын Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуге әрекет етуіне айрықша мән беріліп отыр. Толығырақ »
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСТАР ТАРИХЫ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайындағы жас ұрпақ тәрбиесіндегі жастардың өмірлік құндылықтарының өзгеруі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан, адамгершілік және моральдық нормалардан алшақтауы, отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі, тәрбиедегі этникалық элементті бағаламау, девиантты мінез-құлықты жастар санының артуы, әлеуметтік селқостық, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда ізгілік пен игіліктің жетіспеушілігі және т.б. қарама-қайшылықтар жалпы орта білім беру үдерісінің тәрбиелік және әлеуметтендірушілік қызметтерін күшейтуді, тәрбие мазмұнын жаңартуды талап етеді. Толығырақ »