Басты бет
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ
Абайтану институтының әдебиетшілер тобы профессор Жанғара Дәдебаев басшылығымен Абайтанудың он томдық ғылыми басылымын шығарған болатын. Онда белгілі Абайтанушылардың әр жылдарда жарияланған зерттеулері енген. Профессор Рақымжан ТҰРЫСБЕК таңдамалы еңбектің ғылыми маңызына тоқталған еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтанудың он томдық таңдамалы ғылыми басылымын шығарардағы ұжымдық еңбекке қатыстым. Бұл, негізінен, «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген ғылыми жоба аясында орындалған жұмыс. Мұнда абайтану ғылымының арғы-бергі тарихы, бүгінгі жеткен жетістіктері, болашақ өрісі баяндалады. Толығырақ »
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Абай өмірі мен шығармашылығына ойлы көзбен қарай алған әрбір ізденуші Абайды оқыған сайын жаңа қырынан тани түскенін айтады. «Жүрегінің түбіне жұмбағын» жасырып қалдырған осы бір ұлы адамның мұрасын жүйелеп зерттеуге атсалысып келе жатқан Абайтану институты ғалымдары да осылай дейді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтану тақырыбын біз қазір қозғап жатырмыз ғой. Бірақ мұның барлығы да маған алғашқы қадамдар сияқты көрінеді де тұрады. Өйткені, «абайтану» деген бұл өте күрделі дүние. Абай күрделі адам. Біз қазір абайтанудың қырықтан аса кітабын дайындап қойдық. Толығырақ »
Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері көп
«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани соншалық жақындармыз…» деген Міржақып сөзі жыл өткен сайын ақиқаттығына шәксіз сендіре түскендей. Хакім өмірі мен шығармашылығына тереңдеп үңілу ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолынан» бастап осы күнге дейін жалғасып келеді. Одан алдын да, кейін де Абайды тануға ұмтылыс әсте тоқталған емес. Содан бері «…Қарадан хакім болған» Құнанбайұлы тұнығына бойлаған әр қазақ өзін көріпті. «…Улы сия, ащы тілді» қалқан еткен тұлға «мыңмен жалғыз алысқанын» айтады. Оның күресі бір басына қазақтың батпан-батпан қайғысын жинап алып, «жаралы болған жүрекке дауа» іздеп шарқ ұрған азапты сәттерінде қауыша беретін қараңғылықпен күрес болатын. Ғалымдар Абай мұрасы әлі де кеңінен зеттеуді қажет етеді дейді.
Меркі ауданындағы Абайтану семинары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлы Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Абайтану» атты ғылыми-әдістемелік семинарын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Толығырақ »
Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХVІІ-ХХ томдары жарық көрді
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының он жетінші томына енген Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» еңбегі – ұлы ақын Абай шығармашылығы жайлы монография. Ол бұл кітабында автор ақын мұрасын жан-жақты талдап, оған барынша терең, ғылыми баға берген. Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫ
Мемлекеттің болашағы үшін маңызды мәселелерді қарастырып, аналитикалық, әрі футуристік көзқарастар мен теорияларды қарастырып, талдап, практикалық тұрғыда жүзеге асыру – мәдениеттанушының мақсаты. Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСТЫ БАЙЛЫҚ
Ықылым заманнан ата-бабамыз Отан, ұлт және мәдениет мәселелерін басты орынға қойып, осы игі түсініктерді жас ұрпақ санасына сіңіріп, олардың маңыздылығын көрсетуге барынша назарын аударған әрі тырысқан. Сайын далада еркін тыныстап, еркін өмір салтын ұстанған қазақ бұл ұғымдардың аса маңызды екенін біліп, санасына терең бойлатқан. Толығырақ »
БОЛАШАҚ БАСТАУЫН АЛАТЫН МАМАНДЫҚ
Мәдениетті ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп, ашығын айшықтап, ағы мен қарасын сараптайтын ғылым саласы – мәдениеттану деген атауға ие. Әлемдік, ұлттық мәдениет тарихы мен сипатын сараптап, болжалдық – аналитикалық ерекшелікке мән беру, сондай-ақ саяси тұстарын бағамдау, басқаша айтқанда мәдени саясат ережелерін қалыптастыру, философиялық мәнге ие Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ КӨТЕРУ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ
Жасырары жоқ, бүгінгі таңда әртүрлі қоғамдық, діни, мәдени-әлеуметтік және ұлт-этносаралық әртүрлі кикілжіңдер орын алып жатқаны рас, дәл осы кезде халықты әрі мемлекетті аталмыш орынды-орынсыз текетірестерден сақтандыру және алдын-алу мақсатында мәдениеттің орны ерек. Дәлірек айтқанда Толығырақ »
Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХІІІ-ХVI томдары жарық көрді
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының кезекті ХІІІ-ХVI томдары жарық көрді. Таңдамалы еңбектердің абайтану саласындағы маңызы жоғары.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымның он үшінші томында М. Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» атты іргелі монографиялық еңбегі беріліп отыр. Бұл – уақыт сынынан өткен, абайтану саласындағы ізденістердің негізіне айналған аса құнды еңбек. Толығырақ »