Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жарқын жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫ

Мемлекеттің болашағы үшін маңызды мәселелерді қарастырып, аналитикалық, әрі футуристік көзқарастар мен теорияларды қарастырып, талдап, практикалық тұрғыда жүзеге асыру – мәдениеттанушының мақсаты. Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСТЫ БАЙЛЫҚ

Ықылым заманнан ата-бабамыз Отан, ұлт және мәдениет мәселелерін басты орынға қойып, осы игі түсініктерді жас ұрпақ санасына сіңіріп, олардың маңыздылығын көрсетуге барынша назарын аударған әрі тырысқан. Сайын далада еркін тыныстап, еркін өмір салтын ұстанған қазақ бұл ұғымдардың аса маңызды екенін біліп, санасына терең бойлатқан. Толығырақ »

БОЛАШАҚ БАСТАУЫН АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

Мәдениетті ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп, ашығын айшықтап, ағы мен қарасын сараптайтын ғылым саласы – мәдениеттану деген атауға ие. Әлемдік, ұлттық мәдениет тарихы мен сипатын сараптап, болжалдық – аналитикалық ерекшелікке мән беру, сондай-ақ саяси тұстарын бағамдау, басқаша айтқанда мәдени саясат ережелерін қалыптастыру, философиялық мәнге ие Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ КӨТЕРУ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

Жасырары жоқ, бүгінгі таңда әртүрлі қоғамдық, діни, мәдени-әлеуметтік және ұлт-этносаралық әртүрлі кикілжіңдер орын алып жатқаны рас, дәл осы кезде халықты әрі мемлекетті аталмыш орынды-орынсыз текетірестерден сақтандыру және алдын-алу мақсатында мәдениеттің орны ерек. Дәлірек айтқанда Толығырақ »

Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХІІІ-ХVI томдары жарық көрді

img-20170829-wa0006«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының кезекті ХІІІ-ХVI томдары жарық көрді. Таңдамалы еңбектердің абайтану саласындағы маңызы жоғары.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымның он үшінші томында М. Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» атты іргелі монографиялық еңбегі беріліп отыр. Бұл – уақыт сынынан өткен, абайтану саласындағы ізденістердің негізіне айналған аса құнды еңбек. Толығырақ »

Абайтану пәнін мектеп оқушыларына оқыту барысында рухани жаңғыру үдерісіндегі маңызы

          Қытайда – Конфуций атындағы институт бар, Германияда – Гете атындағы институт бар, сол сияқты Қазақстанда  да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ұлы Абай атындағы ғылыми зерттеу институты бар.

          Елбасы Н. Назарбаев: “Абайды мектептер мен ЖОО-да ғана емес, балаларға балабақшада, отбасы тәрбиесінен бастап оқытқан жөн”- дейді. Расында, жаңадан тілі шығып келе жатқан балаға Абайдың жеңіл-желпі өлеңдерін ата-анасы жаттатқызса балада жақсы сөйлей бастайды. Толығырақ »

Al-Farabi university — smart citу

Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ-дa 2020 жылғa дейiн oқу opнының дaму негiзi бoлaтын «Al-Farabi university — smart city» ғылыми-иннoвaциялық жoбaсы iске aсудa. «Қaзaқстaн-2050» стpaтегиясындa Пpезидент ел aлдынa мықты мемлекет, дaмығaн экoнoмикa мен жaлпығa opтaқ еңбекке негiзделген беpекелi қoғaм құpу мiндетiн aйқындaп беpдi. Елбaсы бiлiмдi apқaу еткен экoнoмикa сaлaсынa бaсa нaзap aудapып oтыpғaны белгiлi. Oсы opaйдa унивеpситеттеp бaсты pөлде тұp. Жетекшi унивеpситет pетiнде өзiне жүктелген мiндеттiң жaуaпкеpшiлiгiн сезiне oтыpып, Әл-Фapaби aтындaғы ҚaзҰУ oсы бaғыттa қapқынды жұмыс жaсaп келедi. Унивеpситеттiң «Al-Farabi university — smart city» жaңa мoделiнiң түп негiзiнде ұлы ғaлым әл-Фapaбидiң пapaсaтты қaлa туpaлы iлiмi жaтыp. Толығырақ »

«Абайтану» Ғылыми-әдістемелік семинары

%d1%82%d0%b8%d0%b3%d1%83-%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде «Абайтану» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді. Семинар ұлы Абай шығармашылығын зерттеу, оқыту және насихаттау мақсатында  дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Ғылыми-әдістемелік жиынға ТИГУ оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ, Тараз қаласы орта мектеп, гимназияларының «Абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасы 48 сағатқа есептелген Тыңдаушыларға Абай ҒЗИ-дың ресми сайты, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымы таныстырылды, абайтану бойынша кейбір өзекті мәселелер талқыға салынды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық бірегейлік мәселесі Абай Құнанбаев есімімен тығыз байланысты екендігі туралы мәселе қозғалды. Осы бағытта «абайтану» курсын ЖОО-лардағы гуманитарлық мамандықтардың бәріне де жүргізудің өзектілігі атап өтілді.

Толығырақ »

Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек. Толығырақ »

Техас технологиялық университетінің профессоры Костика Брадатан Қазақ Ұлттық Университетінде

Техас технологиялық университетінің PhD, профессоры Костика Брадатан (Costica Bradatan) 06.05.2017 — 12.05.2017 жж. аралығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында “In Praise of Failure. A Manifestation for Humilityатты дәрістер курсын оқыды. Костика Брадатан 2016-2017 оқу жылы халықаралық Fulbright грантымен Францияда ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып, аталған грант шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Harvard басылымында 2019 жылы жарық көретін «In Praise of Failure. A Manifesto for Humility» атты еңбегі шеңберінде дәрістер оқыды. Сонымен қатар бірнеше тілдерге аударылған «Dying for Ideas. The Dangerous Lives of the Philosophers» атты еңбегі бойынша ғылыми семинар өткізді. Профессор Костика Брадатанмен әріптестік орнату кафедраның жанынан жақында ашылған дінтанулық зерттеулер және сараптама орталығының алдағы ғылыми жұмыстарына жаңа серпіліс беріп, Қазақстандағы, сондай-ақ университетіміздегі дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоспақ. Толығырақ »