Жарқын жаңалықтар
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырады. Конференция 2018 жылы 23 қарашада, сағ.15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15 қабатында өтеді. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы
2018 жылы 20 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде Абай ғылыми-зерттеу институты дайындаған «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР» ХІ-ХХХV томдарының таныстырылымы өтті. Рәсімді Институт директоры ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВ жүргізіп отырды. Толығырақ »
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан АБАЙ ҒЗИ дайындап, құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХХ-ХХХV томдары жарық көрді. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ» СЕМИНАРЫ ШУ АУДАНЫНДА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинары Жамбыл облысы Шу ауданының орталығында өтті. Толығырақ »
«МӘДЕНИЕТТАНУ» МАМАНДЫҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ҚЫРЫ
Еліміз өз тәуелсіздігін алып, экономикалық дербес елге айналу барысында көптеген әлеуметтік-мәдени іс-шараларды да іске асыра отырып, қоғамды алға бастаушы факторларды негіз етіп қоюда. Осы мақсатта барлық білім ошақтарында елімізде рухани мәдениетті жаңғырту мәселелері де кеңінен қарастырылып отыр. Қазақ Ұлттық университеті шеңберінде студенттердің өзіндік жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланып, старт-ап жобалармен айналысуға мүмкіндіктер берілді. Толығырақ »
МӘДЕНИЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ
XXI ғасыр – адамзат баласы тарихындағы ең жарқын кезең әрі ең күрделі де қиын кезең. Орын алып жатқан әр салалы оқиғалар, факторлар және іс-әрекеттер қоғамның сан түрлі өзгерістер мен жаңашылдық сипатқа итермелеуде. Мәдениет – адамзаттың өзі-өзі үшін қалыптастырған ең үлкен өмірлік саланың бірі әрі бірегейі. Алғаш тастан құрал жасап, үңгірді пана еткен тұстан – бүгінгі виджеттермен қозғалып, Марстағы өмірдің болуы туралы ойлар арасында дәл сол мәдениеттің рөлі мен орны маңызды. Толығырақ »
МЕМЛЕКЕТТІ МЕМЛЕКЕТ ЕТКЕН – МӘДЕНИЕТ
Бүгінгі таңда әртүрлі қоғамдық, діни, мәдени-әлеуметтік және ұлт-этносаралық әртүрлі кикілжіңдер орын алып жатқандығы рас, дәл осы кезде халықты әрі мемлекетті аталмыш орынды-орынсыз текетірестерден сақтандыру және алдын-алу мақсатында мәдениеттің орны ерек. Дәлірек айтқанда, нақ Қазақстан мемлекетінің жарқын болашағы үшін бұл өте маңызды. Қазақстан – көп этносты мемлекет. Осы арада, барлығына тегіс әрі ортақ идеологияның озық формалары қажет, мәселен, ортақ Отанға деген ұлтжандылық тәрбиені жолға қою. Толығырақ »
Абайтану семинары Іле ауданында
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарын Алматы облысы Іле ауданының орталығында өткізді. Семинарға Іле ауданындағы орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алғашқы абайтанушылар, Абай шығармаларының текстологиясы, «Қара сөздері» және тағы басқа тақырыптар ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқыланды. Толығырақ »
Меркі ауданындағы Абайтану семинары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлы Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Абайтану» атты ғылыми-әдістемелік семинарын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Толығырақ »
Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХVІІ-ХХ томдары жарық көрді
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының он жетінші томына енген Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» еңбегі – ұлы ақын Абай шығармашылығы жайлы монография. Ол бұл кітабында автор ақын мұрасын жан-жақты талдап, оған барынша терең, ғылыми баға берген. Толығырақ »