Абайдың шығармашылығы
Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп
Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп,
Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп.
Жүректегі жалынды көзден жас қып
Ағызғаным болады ол неге сеп? Толығырақ »
ҚАНЖАР (М.Ю. Лермонтовтан)
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста кекке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап. Толығырақ »
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М.Ю. Лермонтовтан)
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,
Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз.
Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз.
Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жер ұйқтап, көкшіл шықпен бу алғанын. Толығырақ »
ЖАРТАС (М.Ю. Лермонтовтан)
Қонады бір күн жас бұлыт,
Жартастың төсін құшақтап
Жөнелді ертең, қалды ұмыт,
Көк жүзіне ойнақтап. Толығырақ »
Жарлы бай (И.А. Крыловтан)
Жаман үйде жалғыз шал,
Өзі — кедей, күңіренді.
Өзі көрген байлардың
Мінезінен жиренді.
Өзіне өзі сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
«Обал жоқ осы байларға
Мал қызығын көрмеген,
Жақсы төсек, тәтті ас жоқ,
Жан қадірін білмеген. Толығырақ »
Жалау (М. Ю. Лермонтовтан)
Жалғыз жалау жалтылдап
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тындап?
Несі бар туған жерінде?
Ойнақтап толқын, жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап. Толығырақ »
ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ (И.А. Крыловтан)
Тойған есек шөпті оттап манайдағы
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы. Толығырақ »
ӘНШІЛЕР (И.А. Крыловтан)
Көршіні көрші шақырды,
Болды да сыйлап ас бермек.
Қулығын іште жасырды:
Баланың әнін есіттірмек.
Балалар шулап, бақырды,
Ынтасы — даусын білдірмек. Толығырақ »
Дұға (М.Ю. Лермонтовтан)
Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын.
Осы өлең — оқитұғын дұғам менің. Толығырақ »
Ұяламын дегені көңіл үшін
Ұяламын дегені көңіл үшін,
Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.
Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ.
Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Толығырақ »