Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2021
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн   Ноя »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

Август 2021

АЙРЫҚША МӘНДІ ҮШ КІТАП

Айрықша мәнді үш кітап

2021 жылдың бірінші жартысы

2021 жылдың бірінші жартысы

Абай күніне арналған онлайн конференция

Абай күніне арналған онлайн конференция

 Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай елімізде  10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Биылғы жылы данышпан ақын Абай Құнанбайұлы 176 жасқа толып отыр. Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты былтырғы жылдан бері дәстүрге айналған «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық онлайн конференция өткізді. Конференцияда қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімі заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастырылды. Конференцияны Абай ҒЗИ-дың жетекші ғылыми қызметкері,   ф.ғ.к., професор м.а. Ләйла Жұматайқызы Мұсалы  жүргізді.

Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Жанғара Дәдебайұлы Абай ҒЗИ-да атқарылып жатқан жұмыстар бойынша  «Абай күнінде айтар жетістіктеріміз» атты баяндама жасады. Баяндамада Жанғара Дәдебайұлы Абайтану саласында нақтылы талдау, пайымдаулар бағытында іргелі ізденіс жасаған  ғалымдардың еңбектері негізінде «Қазақ университеті» баспа үйінен Абайтану таңдамалы еңбектерінің 50 томдығы мен оның құрамдас саласы – «Абайтану» антологиясының 10 томдығы басылымға шыққанын мәлімдеді. Абай ілімін терең игеру, меңгеру мақсатында оқырманға жол тартқан бұл еңбектерді университет кітапханасы, Абай институты мен баспа сайты арқылы пайдалануға болатыны жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай мұрасын ЖОО-да оқыту туралы тапсырмасына байланысты университетіміздің Ғылыми кеңесі шешімімен барлық мамандыққа «Абай ілімі» таңдау пәні ретінде оқытылатынын жеткізді. «Абай ілімі» пәнін оқытудағы мақсатты ұстанымның   мазмұны «Абай ілімі туралы түсінік», «Абай ілімінің қайнар көздері», «Абай ілімінің құрамдас бөлімдері», «Абай ілімінің категориялары», «Абай ілімінің өлшеу құралдары», «Абай ілімінің мәні мен маңызы» тарауларына бөлінгенін тұжырымдады. Толығырақ »

«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық ғылыми онлайн конференция

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 2021 жылдың 10 тамызында өтетін «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық ғылыми онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға қазақстандық әдебиеттанушылар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері шақырылады.

Конференция мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастыру. Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

— Абайдың шығармашылық тұлғасы және тағылымы;

— Абайдың шығармашылық мұрасының ерекшелігі;

— Абайдың ілімінің негізгі ұстанымдарын саралау;

— Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы;

Конференция 2021 жылдың 10 тамызында сағат 15.00-де «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.

Байланыс телефондары:  

8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы);

8747 896 74 79 (Бибігүл Дәулетқызы);

8777 212 20 83 (Гүлдана Қуатқызы);

 

Материалдар 2021 жылдың 9 тамызына дейін қабылданады. Мақалаларды мына электронды мекенжайға жіберу қажет:  Abaigzikonf@mail.ru. Конференция материалдарын электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа Халықаралық стандарттық номер (ISBN) беріледі.

Толығырақ »

Құрметті оқырман!!!

«Абайтану антологиясы» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның тоғызыншы томына Жанғара Дәдебаевтың «Абайдың антропологизмі» және Әнуар Тарақовтың «Абaйдың aудaрмaшылық тaлaнты»  атты монографиялық еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683  «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.

Құрметті оқырман!!!

«Абайтану антологиясы» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның сегізінші томына Ханғали Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сөздері» және Ләйла Әуезовaның «Мұхтaр Әуезов шығaрмaшылығындaғы Қaзaқстaн тaрихының мәселелері» зерттеу еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683  «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.

Құрметті оқырман!!!

«Абайтану антологиясы» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.

Антологияның жетінші томына М. Мырзахметұлы «Абай: Толық адам ілімі» және Р. Сыздықованың «Aбaй шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы» атты монографиялық еңбектері енді.

Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.

Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

Антология AP08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.

 

Нысанбек Төреқұл

Көрме. Нысанбек Төреқұл