Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Басты бет

Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХІ-ХІІ томы жарық көрді

 

abaitanu-12-1Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану бойынша зерттеулерді жүйелеп, жарыққа шығару жұмысын жалғастыруда. Жуырда абайтану бойынша көп  томдық  басылымдардың ХІ-ХІІ томы жарық көрді. Толығырақ »

ҚАЗҰУ – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚ

1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы универсиеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланды. Қазіргі таңда ҚазҰУ ең керемет деген әлемдік университеттер қатарында 236 орынды иеленіп отыр. Сонымен қоса, ҚазҰУ 25 елдің 400-ден астам университтерімен бірге қызмет жасауда. Бұл тікелей ҚазҰУ-дің студенттеріне өзге елде білім алып, тәжірибе алмасуға жол ашады. Толығырақ »

«Педагогика және психология» мамандығы жайлы не білу керек?

Заман талабымен ілесіп, білім беру бағытында, білімнің әр саласында бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлауда педагог-психолог кадр таптырмас қажеттілік тудыратыны сөзсіз.

Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды. Мұндай маман иесі оқу пәнімен,оқушылардың алдында оны ашу тәсілдерімен айналысатын пән оқытушысы ғана емес, сондай-ақ ол зиялы ғалым, мәдениет бастауларына қайта оралушы философ, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді араласып, өз даусын естуге көмектесетін өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануына, білімді іргелі, терең меңгеруіне бағытталған, кәсіби мамандығына қолайлы әсер ететін, адами мәдениеттегі барлық байлықтарын игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясындағы “Педагог –психолог” мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби біліміне қарай, күнделікті өзгеріске ұшырайтын еңбек нарығының жағдайына және мамандардың кәсіби деңгейінің талаптарына тез бейімделе алатындай етіп іріктеп алады. Толығырақ »

  Жақсы мамандық – жақсы болашақтың бастауы!

ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Қара шаңырақтың студенті атану бүгінде талай түлектің арманы. Мыңдаған мамандықты бір арнаға тоғыстырған берекелі орда  QS халықаралық рейтинг агенттігінің есебі бойынша әлемдегі үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемденіп, ең үздік 300 университет қатарынан көрінді. Осылайша әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін айшықтады. Толығырақ »

«БҰҰ моделі – Жаңа Жібек Жолы 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанаты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда. Толығырақ »

АУДАРМАТАНУ ЖӘНЕ КОМПАРАТИВИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұйымдастыруымен 2017 жылы 5 сәуірде EXPO-2017 іс-шарасына арналған «Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференциясы өткізді. Толығырақ »

Тұрақты даму журналистикасы — дуалды оқыту жүйесін талап етеді

 dsc_5154Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» тақырыбымен өткізілген халықаралық конференцияда БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар отандық және әлемдік журналистиканың даму үрдістерін және таяу болашағын талқылады.
Толығырақ »

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- ЖАУАПТЫ ҚАДАМ

Қазақстан Республикасының қазіргі даму жағдайында  кәсіпке бағдарлау,   еліміздің  экономикалық,  құқықтық,  мәдени- ақпараттық және т.б.  салаларына қажетті  мамандарды дайындау ісі   үлкен жауапкершілікті талап етеді.  Заманауи  өзгерістер мен инновациялық дамуға  сәйкес бағытталған бүгінгі қоғамға лайық,  өмірден өз орнын табатын, зерделі тұлға тәрбиелеу  мәселесі ұрпаққа сапалы бiлiм беру мақсатынан туындайды.Сол себепті мектеп бітіргелі отырған түлектердің алдында асқаралы асу, биік арман, жауапкершілігі мол  таңдау    және болашаққа деген үлкен сенім тұрады. Толығырақ »

Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы

img-20170217-wa0057“Өзін-өзі тану” сабақтарында жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекет жайлы Бауыржан Момышұлының педагогикалық идеяларының ғылыми практикалық алғышарттары, жалпы білім беретін мектептерде  оқушыларының жалпыадамзаттық мәдениетінің деңгейін, Бауыржан Момышұлы еңбектері арқылы дұрыс әрекеттің педагогикалық-психологиялық диагностикасы және өзін-өзі тану пәні барысында Бауыржан Момышұлы еңбектері арқылы жалпыадамзаттық құндылық мәдениетін дамыту.                        Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Бауыржан Момышұлының айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты  рухани күштерін ояту. Б.Момышұлы тәрбиелудің жолдарын өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің  мақсаты – ол, өзін-өзі тану болды. Толығырақ »

Бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын білім ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Университет білім алушылардың заманға сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға есебінде қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Еліміздегі ең үздік университеттер қатарындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алу студенттер үшін үлкен жетістік. Толығырақ »