Аудармалары
Менің сырым, жігіттер, емес оңай (М.Ю. Лермонтовтан)
Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның — арым мен бір-ақ құдай. Толығырақ »
Күнді уақыт итеріп (М.Ю. Лермонтовтан)
Күнді уақыт итеріп,
Көкжиектен асырса,
Көлеңке басын көтеріп,
Алысты көзден жасырса.
Сонда көңлім жоқтайды
Татуы мен асығын,
Көзі жетіп тоқтайды
Өткен күннің қашығын. Толығырақ »
Күлімсіреп аспан тұр
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әрнені.
Бір себепсіз қайғы құр,
Баса ма екен бендені? Толығырақ »
Көңілім менің қараңғы (Дж.Байрон — М.Ю. Лермонтовтан)
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейістің үні шығар қоңыр салқын. Толығырақ »
Көңілдің күйі тағы да (М.Ю. Лермонтовтан)
Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын. Толығырақ »
ҚАРҒА МЕН ТҮЛКІ (И.А. Крыловтан)
Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересін,
Артынан өкінсең де пайда жок, Толығырақ »
КАРҒА МЕН БҮРКІТ (И.А. Крыловтан)
Қой жайылып жаздыкүн
Шыққан екен қияға,
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп жыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға… Толығырақ »
Қараңғы түнде тау қалғып (И.В. Гете — М.Ю. Лермонтовтан)
Қараңғы түнде тау қалғып,
¥йқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап. Толығырақ »
Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп
Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп,
Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп.
Жүректегі жалынды көзден жас қып
Ағызғаным болады ол неге сеп? Толығырақ »
ҚАНЖАР (М.Ю. Лермонтовтан)
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста кекке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап. Толығырақ »