Жарқын жаңалықтар
АУДАРМАТАНУ ЖӘНЕ КОМПАРАТИВИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұйымдастыруымен 2017 жылы 5 сәуірде EXPO-2017 іс-шарасына арналған «Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференциясы өткізді. Толығырақ »
Тұрақты даму журналистикасы — дуалды оқыту жүйесін талап етеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» тақырыбымен өткізілген халықаралық конференцияда БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар отандық және әлемдік журналистиканың даму үрдістерін және таяу болашағын талқылады.
Толығырақ »
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- ЖАУАПТЫ ҚАДАМ
Қазақстан Республикасының қазіргі даму жағдайында кәсіпке бағдарлау, еліміздің экономикалық, құқықтық, мәдени- ақпараттық және т.б. салаларына қажетті мамандарды дайындау ісі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Заманауи өзгерістер мен инновациялық дамуға сәйкес бағытталған бүгінгі қоғамға лайық, өмірден өз орнын табатын, зерделі тұлға тәрбиелеу мәселесі ұрпаққа сапалы бiлiм беру мақсатынан туындайды.Сол себепті мектеп бітіргелі отырған түлектердің алдында асқаралы асу, биік арман, жауапкершілігі мол таңдау және болашаққа деген үлкен сенім тұрады. Толығырақ »
Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы
“Өзін-өзі тану” сабақтарында жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі дұрыс әрекет жайлы Бауыржан Момышұлының педагогикалық идеяларының ғылыми практикалық алғышарттары, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларының жалпыадамзаттық мәдениетінің деңгейін, Бауыржан Момышұлы еңбектері арқылы дұрыс әрекеттің педагогикалық-психологиялық диагностикасы және өзін-өзі тану пәні барысында Бауыржан Момышұлы еңбектері арқылы жалпыадамзаттық құндылық мәдениетін дамыту. Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Бауыржан Момышұлының айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты рухани күштерін ояту. Б.Момышұлы тәрбиелудің жолдарын өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің мақсаты – ол, өзін-өзі тану болды. Толығырақ »
Бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын білім ордасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Университет білім алушылардың заманға сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға есебінде қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Еліміздегі ең үздік университеттер қатарындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алу студенттер үшін үлкен жетістік. Толығырақ »
ҚазҰУ естелігі
Студенттік жылдардың тәмәмдалуына санаулы уақыт қалды. Көптен күткен дипломдық қорғау күнім де келді… Бүгінгі күнгі зерттеу жұмысымның жоғарғы деңгейде қорғалуына, өзекті тақырыптың таңдалуына, белсенді тәжірибеден өтіп, нәтижесінде жан-жақты білікті маман атануымды қалаған, мені ғылым шыңына қарай жетелеген 0айталанбас тұлға алтын адам — Қожахметова Клара Жантөреқызы. Кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы, парасаттылығы мен бекзаттығы «ұстаздық» деп аталатын ұлылықтың өлшеміне айналған ұстазым Клара Жантөреқызы өмірден өткенімен, біздің есімізде мәңгі қалған қайталанбас тұлға. Менің бағыма орай, мені өз жетекшілігіне алды. Қаншама студенттерге бұйырмаған бұл бақыт маған бұйырды. Жетекшім бірде өз сөзінде «Мен қыранды балапан кезінен таңдап аламын»- деп жымиып айтатын… 2 курсымда Клара апайымның тандап алған қырандарының бірі атандым. «Аянбай еңбек етуден шаршамағың», «алға ұмтыл», «ғылым жолы қиын жол»- деген нәзік үнді сөздерімен қуаттандырып, алға ұмтылыс, бойыма сенім ұялататын-ды. Толығырақ »
Болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлауда нені ескеру керек?
Кәciби дaяpлықты көптeгeн ғaлымдap жeкe тұлғaның ic-әpeкeтi тұpғыcынaн оның кipiктipiлгeн cипaттaмacы peтiндe жәнe олapдың тұлғaлық қacиeттepiнiң cинтeзi мeн ic-әpeкeт бapыcындa тұpaқты жeкe тұлғaлық қacиeткe aйнaлaтын пcиxикaлық жaғдaйы дeп айқындаған. Зepттeyшi ғaлымдap (A.Ф. Бaлaкиpeв, В.A. Cлacтeнин және т.б.) пeдaгогтың тұлғaлық cyбъeктивтiк қacиeттepiн жәнe инновaциялық ic-әpeкeтiнiң тиiмдiлiгiнe ықпaлын зepттeй кeлe, оны жүзeгe acыpy кeзeңiндe cонымeн қaтap, жaңaлықты тapaтy кeзeңiндe дe пeдaгогикaлық ic-әpeкeткe ықпaл eтeтiнiнe мән бepгeн. Пeдaгог-пcиxологтapдың қазіргі сұранысқа сай білім беру саласымен қатар, арнайы мeкeмeлepдe жұмыc жасайтынын есепке ала отырып теориялық, практикалық, әдістемелік даярлықтың мазмұнын да өзгерткен жөн. Бұл олapды кәciби дaяpлay бapыcындa A.П. Мapковaның болaшaқ мaмaндapдың кәciби дaяpлығын, кәciби, пcиxологиялық ұcтaнымдapы, мeжeлepi; жeкe тұлғaлық epeкшeлiктepi cынды cyбъeктивтiк cипaттaмaлap; кәciби, пcиxологиялық, пeдaгогикaлық бiлiмдepi; кәciби бiлiктiлiктepi cияқты объeктивтiк cипaттaмaлapғa бөлiп қapacтыpу керек деген тұжырымымен келісуге болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болaшaқ пeдaгог-пcиxолог мaмaндapды даярлауда cyбъeктiлiк қacиeттepiнiң құpылымы оcы блоктapға негізделген және элективті курстар да соған сай ұcынылып отыр. Толығырақ »
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Мен, Токсанбаева Назгүл Бақытқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының бірінші курс магистрантымын. Қара шаңырақ ҚазҰУде білім нәрімен сусындап, ғылым жолында жүргеніме қазіргі таңда 6 жыл мерзімді қамтып келеді. Толығырақ »
ҚазҰУ – армандар мекені!
Армандар орындалады… ең бастысы асыл арманың айқын әрі нақты және соған жету үшін еңбек ету керек екендігін айтқым келеді. Менің асыл арманымның бірі — еліміздің ең беделді, мықты оқу орындарының алды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алу еді. Міне, бүгінгі таңда бакалавр дәрежесін бітіріп, магистратурада білімімді шыңдап, жалғасырудамын. Толығырақ »
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы жайлы не білу қажет?
Экономиканың өзгеруі, технологияның дамуы, әлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтардың өрши түсуі балаларға білім беру мен тәрбиелеу жағдайын өзгертуге қажеттілік туындады. Осыған байланысты Қазақстанның бірқатар жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы енгізіліп, мамандар даярлай бастады. Толығырақ »