Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жарқын жаңалықтар

Заманымен таласқан ҚазҰУ университеті

Әл-Фарaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті – Қaзaқстaнның жетекші клaссикaлық университетi мәртебесiне ие Қазақстaн білімі мен ғылымының ірі ортaлығы, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынaн кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университеттің 82-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебiнiң дамуы және қaлыптасуымен тығыз бaйланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің бaрлық жоғaры білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандaр ордасы деуге болaды. Толығырақ »

Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының рөлі мен маңызы

Республикамыздың бірқатар жоғары оқу орындарында, 2010 жылдан бері оқытылып келе жатқан «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады.

Сондықтан бұл екі мамандықтың, яғни әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің қажеттілік рөлі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне сай анықталған тәжірибелерге, бүгінгі қоғамдық әлеуметтік мәні бар өзекті мәселелерді қамтитын көптеген факторларға сүйеніп айтар едім.
Бірден – бір фактор ол яғни қараусыз қалған балаларды көзден таса қылмауға әркез мән беріліп келді. Толығырақ »

Аңсаған арманым — ҚазҰУ

«Армандамайтын адам, орындалмайтын арман болмайды» — деп әкем жиі айтушы еді. Арманшыл ауылдың ерке қызына алып қала Алматыға аяқ басу, өмірдің жаңа баспалдағына өтумен тең болатын. Білім алған алтын ұясынан ұшқан балапанға, талай қыранын ұшырған қара шаңырақ ҚазҰУ-дың табалдырығын аттау бақыты бұйырды. Талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу менің басыма берілеген бақ болатын-ды.  ҚазҰУ және оның әсем қалашығы менің жүрегімді бірден жаулап алды. Іле Алатауының баурайында орналасқан бұл мекен ерекше көркімен кез келген кісіні өзіне баурап алатыны сөзсіз еді. Шынында да, арман боларлықтай! Толығырақ »

ҚазҰУ – білімді ұрпақ кепілі!

«Халықты халықпен,

адамды адаммен

теңестіретін нәрсе – білім»

М. Әуезов

 Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. 80 жылдан астам бай тарихы бар Қазақстанның ең беделді оқу орындарының бірегейі  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. ҚазҰУ — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған. Толығырақ »

Болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлауда нені ескеру керек?

Кәciби дaяpлықты көптeгeн ғaлымдap жeкe тұлғaның ic-әpeкeтi тұpғыcынaн оның кipiктipiлгeн cипaттaмacы peтiндe жәнe олapдың тұлғaлық қacиeттepiнiң cинтeзi мeн ic-әpeкeт бapыcындa тұpaқты жeкe тұлғaлық қacиeткe aйнaлaтын пcиxикaлық жaғдaйы дeп айқындаған. Зepттeyшi ғaлымдap (A.Ф. Бaлaкиpeв, В.A. Cлacтeнин және т.б.)  пeдaгогтың тұлғaлық cyбъeктивтiк қacиeттepiн жәнe инновaциялық ic-әpeкeтiнiң тиiмдiлiгiнe ықпaлын зepттeй кeлe, оны жүзeгe acыpy кeзeңiндe cонымeн қaтap, жaңaлықты тapaтy кeзeңiндe дe пeдaгогикaлық ic-әpeкeткe ықпaл eтeтiнiнe мән бepгeн. Пeдaгог-пcиxологтapдың қазіргі сұранысқа сай білім беру саласымен қатар, арнайы мeкeмeлepдe жұмыc жасайтынын есепке ала отырып теориялық, практикалық, әдістемелік даярлықтың мазмұнын да өзгерткен жөн. Бұл олapды кәciби дaяpлay бapыcындa A.П. Мapковaның болaшaқ мaмaндapдың кәciби дaяpлығын, кәciби, пcиxологиялық ұcтaнымдapы, мeжeлepi; жeкe тұлғaлық epeкшeлiктepi cынды cyбъeктивтiк cипaттaмaлap;  кәciби, пcиxологиялық, пeдaгогикaлық бiлiмдepi; кәciби бiлiктiлiктepi cияқты  объeктивтiк cипaттaмaлapғa бөлiп қapacтыpу керек деген тұжырымымен келісуге болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болaшaқ пeдaгог-пcиxолог мaмaндapды даярлауда cyбъeктiлiк қacиeттepiнiң құpылымы оcы  блоктapға негізделген және элективті курстар да соған сай  ұcынылып отыр. Толығырақ »

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА ЕҢ ҚАЖЕТТІ МАМАНДАР

Біздің қазіргі қоғамымыз түрлі өзгерістер ғылым саласында өз білімдері мен құзыреттіліктерін ұштастыра, еңбек нарығында тез бейімделе алатын, әлеуметтенген, жауапкершілігі мол,  белсенді мамандарды қажет етеді.  Толығырақ »

Ұлы Дала елінің тарихы сыр шертеді

6-%d0%b4%d0%b5%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d1%80%d1%8f-history-of-great-kazakh-steppe-%d0%b3-%d1%81-img_20161209_133308Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кафедра доценті Гүлсім Сейілханқызы Сүлейменованың  ұйымдастыруымен және «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерінің  қатысуымен ұланғайыр даланы қасықтай қаны қалғанша төгіп қорғаған  ата-бабаларымыз бен ұлттың өткен өміріндегі асыл тұлғаларының ерліктері   жайында студенттердің ой-санасына зерделеу мақсатында «Ұлы Дала елінің тарихы/ История Великой Казахской степи/ History of Great Kazakh Steppe»  атты мерекелік тамаша шара ағылшын  тілінде өткізілді. Шара бағдарламасын ағылшын тілін өте жақсы меңгерген Венера Нургалиева мен Диана  Султановалар жүргізді. Толығырақ »

«Абайтану» біліктілікті арттыру курсы

img-20161206-wa00161Жақында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында орта мектеп мұғалімдеріне арналған республикалық «Абайтану» біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Курсты Абай ҒЗИ және ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырды.

Біліктілікті арттыру курсында ҚазҰУ-дың абайтанушы профессор- оқытушылары Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, З.Бисенғали, М.Үмбетаев, Д. Әлкебаева, С Жусанбаевалар дәріс оқыды.  Толығырақ »

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

img_6389

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1 курс студенттері қатысуымын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтыратын көне тарихы бар кемел тілімізге арналған кеште Қырғызстан азаматшасы Амина, Кореялық Лия т.б. шетелдік студенттер ана тілдерінде өлең оқып, «Бір жер — мың тіл» тақырыбында ой бөлісті. Үш тұғырлы тіл саясаты аясында ағылшын сондай-ақ француз, неміс тілдерінде еркін сөйлейтін кафедра студенттері келген конақтарға презентация көрсетіп, қазақ тілінен шет тілдеріне аударылған жаңа көркем шығармалармен таныстырды. Ашық тәрбие сағатына кафедра меңгеруші Д.А.Қарағойшиева, кафедра оқытушылары Л.Мұсалы,   М. Жанабекова, Г.Шарипова қатысты.

 

 Бектұрова Э.К., Әзімбаева И.Қ.

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі

кафедрасының аға оқытушылары.

 

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ширек ғасыр

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын заңды түрде мерекелеу қаулысына сәйкес 2016 жылдың  желтоқсан айында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Д.А. Қарағойшиева, М.А. Жанабекова, Г.С. Сулейменова және М.С. Оңғарбаевалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Ұлы Дала елінің тәуелсіздігіне – 25 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа білім және тәрбие беру барысында халқымыздың жылдар бойы армандаған тәуелсіздігін сақтауға, оны жұмыла нығайтуға, осы жылдар аралығында  қолы жеткен жетістіктерін бағалауға, бұқаралық ақпараттық құралдар  арқылы еліміз танылған жақын және алыс шет елдерде де  кеңінен жария етуге ат салысу. Сонымен қатар ҚазҰУ оқытушылары ұжымындағы ұйымшылдық қарым-қатынастың  маңыздылығын арттыру және жан-жақты кәсіби білім деңгейін көтеру, кафедраның  білім және тәрбие ісін жандандыру болып табылады. Толығырақ »