Мақалалар
Темірғали Нұртазин. АБАЙ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ЖАСТАР
«Ғасырлап жасасаң, ғасырлап үйрен!» деген орыс мақалында даналық терең мән бар. Үйренбейтін жан жоқ. Озық жазушылар да, өрен ғалымдар да өмірін тынымсыз үйренуде өткізеді. Өйткені өмір шексіз мұхиттай болса, білгірдің білгірінің бар аңдап парықтағаны тамшыдай ғана.
Сондықтан жас қалам қайраткерлерінің үлгілі ақын, жазушылардан, алдымен Абайдан үйренуге талпынуы заңды нәрсе.
Үйрену қайткенде жемісті болмақ?
Үйренушінің ұстазынан асып түсуі ықтимал, бірақ ұстазынан аумай ұқсауы мүмкін емес. Заманы басқа Абайды былай қойып, бір тойға қатысқан екі ақын түрлі қуанады. Соған орайлас дәл сол тойға арналған шығармалары да екі түрлі болмақ. Толығырақ »
Қайым Мұхамедханов. Ұлы ұстаз
Абайдың ақындық еңбегі қазақ әдебиетін жаңа бағытта ілгері дамытумен бірге, қазақ қоғамының дамуына да игі әсер етті.
«Әдеби шығарма тек көркемдік қасиетімен ғана емес, қогамның дамуына ететін игі әсерімен, эдебиетгі ілгері да-мытудағы әсерімен бағаланады», — дейді Н.Г.Чернышевский.
Абай өзінің бойына біткен табиғи талантын, ақындық өнерін, ақыл-ойын, жігер-қайратын, парасат-білімін, бүкіл саналы өмірін туған халқына арнады. Толығырақ »
Әбділда Тәжібаев. БІРІНШІ АҚЫН
Қазақ ақындарында поэзия мақсатын орыс классиктерінше, сыншыл демократизм тұрғысынан ұғындырған бірінші ақын — Абай.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, — Толығырақ »
Ғабит МҮСІРЕПОВ. ОЙ ӨМІРІНІҢ ӨРІСІ МЕН БИІГІ
Қазақ халқының жарқын болашағы үшін алысып өткен ұлы ақыны Абай — бір елдің белгілі бір ғасырдағы ой өмірінің өрісі мен биігін көрсететін ақындардың қатарына қосылады.
Алысты болжаған терең ойдың, үлкен сарынның ақыны Абай алды-артын шолып, қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес, бүкіл рухани мәдениетінің келешегіне жөн сілтеп кетті. Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді. Ол өз заманы мен ез елінің қайғы-мұңын көтергенде соны тарихи даму жолындағы бар адам баласының тақырыбына айналдыра алды. Толығырақ »
Темірғали НҰРТАЗИН. АБАЙ ЖӘНЕ ОРЫСТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ
Абайға деген балалық қызық шақ қысқа болды. Он үш жасында әкесінің баулуымен ел билеу жұмысына араласқан Абай елдің ортасынан озат шығамын деп ұмтылды. Бірақ тебесі көрінбей, көптің бірі болып, өзін қоршаған қарымсыз ортаның ұйығына малшына берді. «Қөңілдің кірлемеген ашығында көп дүниені көл…» деп жүрген Абай қырыққа келгенде өзінің «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» екенін анық аңғарып, достан да, дұшпаннан да торығып, үміт артқандарының бәрінен түңіліп келіп: Толығырақ »
Айқын Нұрқатов ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Абай.
1
Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде танылумен бірге оның мақтанышы, даңқы болып та табылады. Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия — адам баласының мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті кұралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып келеді. Қай халықтың поэзиясы да бұған айқын мысал бола алады. Осынау тамаша қасиет біздің поэзиямызда да мол. Абай поэзиясына және одан кейінгі кезеңде реалистік арнада, жаңашылдық бағытта дамыған поэзиямызға мұның әсіресе жанасымдылығы бар. Толығырақ »
Б. Кенжебаев. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ БАСЫЛУЫ ТУРАЛЫ
Абай шығармаларының соңғы баспасы 1954 жылы, ұлы ақынның қайтыс болғанына елу жыл толуына байланысты екі том болып шықты. Оны Қазақ ССР ғылыми академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері (З. Ахметов, И. Дүйсенбаев, Ғ. Әбетов) баспаға әзірлеген. Абай шығармаларының алғашқы(әсіресе 1909, 1933 жылдардағы) баспаларын жеке адамдар басқарды және олар арап, латын әріптерімен басылды, советтік әдебиет ғылымы, соның ішінде Абайды зерттеу ғылымы әлі жетілмеген, жасалмаған кезде шықты. Толығырақ »
Б. Кенжебаев. АБАЙ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР
Луначарский: «Әр бір данышпан адам, сөз жоқ, қандай да болсын бір әлеуметтік ұлы өзгерістің, әлеуметтік ұлы ілгерілеудің нәтижесі, жемісі», — дейді. Олай болса ақын Абайды туғызған қандай әлеуметтік өзгеріс, қандай әлеуметтік ұлы ілгерілеу? Толығырақ »
Х.Сүйіншәлиев. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
(1845-1904)
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев — өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді. Толығырақ »
М.Әуезов. АБАЙДЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-МӘДЕНИ ІЗДЕНУЛЕРІ
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
Абай
Сыншыл ойға көз сүзіп, бас иген, дінге сынның тұрғысымен қараған, халқының мәдениеті жолында аянбай күрескен жалынды қайраткер, пысық, дүниеқор, мансапқор, алаяқ феодал ақсақалдардың ішінде серік таппай күйінген Абай қазақ елінің көлемінде ғана емес, сонымен бірге қазақ елімен іргелес жатқан шығыс елдерінің көлемінде де заманынан оза туған дана кісі болды. Толығырақ »