Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн   Фев »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Декабрь 2016

Ұлы Дала елінің тарихы сыр шертеді

6-%d0%b4%d0%b5%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d1%80%d1%8f-history-of-great-kazakh-steppe-%d0%b3-%d1%81-img_20161209_133308Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кафедра доценті Гүлсім Сейілханқызы Сүлейменованың  ұйымдастыруымен және «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерінің  қатысуымен ұланғайыр даланы қасықтай қаны қалғанша төгіп қорғаған  ата-бабаларымыз бен ұлттың өткен өміріндегі асыл тұлғаларының ерліктері   жайында студенттердің ой-санасына зерделеу мақсатында «Ұлы Дала елінің тарихы/ История Великой Казахской степи/ History of Great Kazakh Steppe»  атты мерекелік тамаша шара ағылшын  тілінде өткізілді. Шара бағдарламасын ағылшын тілін өте жақсы меңгерген Венера Нургалиева мен Диана  Султановалар жүргізді. Толығырақ »

«Абайтану» біліктілікті арттыру курсы

img-20161206-wa00161Жақында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында орта мектеп мұғалімдеріне арналған республикалық «Абайтану» біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Курсты Абай ҒЗИ және ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырды.

Біліктілікті арттыру курсында ҚазҰУ-дың абайтанушы профессор- оқытушылары Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, З.Бисенғали, М.Үмбетаев, Д. Әлкебаева, С Жусанбаевалар дәріс оқыды.  Толығырақ »

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

img_6389

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1 курс студенттері қатысуымын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтыратын көне тарихы бар кемел тілімізге арналған кеште Қырғызстан азаматшасы Амина, Кореялық Лия т.б. шетелдік студенттер ана тілдерінде өлең оқып, «Бір жер — мың тіл» тақырыбында ой бөлісті. Үш тұғырлы тіл саясаты аясында ағылшын сондай-ақ француз, неміс тілдерінде еркін сөйлейтін кафедра студенттері келген конақтарға презентация көрсетіп, қазақ тілінен шет тілдеріне аударылған жаңа көркем шығармалармен таныстырды. Ашық тәрбие сағатына кафедра меңгеруші Д.А.Қарағойшиева, кафедра оқытушылары Л.Мұсалы,   М. Жанабекова, Г.Шарипова қатысты.

 

 Бектұрова Э.К., Әзімбаева И.Қ.

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі

кафедрасының аға оқытушылары.

 

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ширек ғасыр

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын заңды түрде мерекелеу қаулысына сәйкес 2016 жылдың  желтоқсан айында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Д.А. Қарағойшиева, М.А. Жанабекова, Г.С. Сулейменова және М.С. Оңғарбаевалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Ұлы Дала елінің тәуелсіздігіне – 25 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа білім және тәрбие беру барысында халқымыздың жылдар бойы армандаған тәуелсіздігін сақтауға, оны жұмыла нығайтуға, осы жылдар аралығында  қолы жеткен жетістіктерін бағалауға, бұқаралық ақпараттық құралдар  арқылы еліміз танылған жақын және алыс шет елдерде де  кеңінен жария етуге ат салысу. Сонымен қатар ҚазҰУ оқытушылары ұжымындағы ұйымшылдық қарым-қатынастың  маңыздылығын арттыру және жан-жақты кәсіби білім деңгейін көтеру, кафедраның  білім және тәрбие ісін жандандыру болып табылады. Толығырақ »

Абайды білмек парыз — 2016

Абай өлеңдеріндегі антропонимдер

 
 

Поэтикалық аударма кеші

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және «Tarzhiman club» жас аудармашылар ұйымы «100 кітап» жобасы аясында «Поэтикалық тәржіма» атты   әдеби аударма  кешін өткізді. «Аударма ісі» бөлімі 1-4 курс студенттері поэзиялық мәтін және оның тәржімасын мәнерлеп оқып қана қоймай, талдап, бағалап айтып берді.  Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлеңдерінің орыс тіліндегі аудармаларын түпнұсқамен салыстыра талдады, сондай-ақ А.Пушкиннің, Байронның  өлеңдерін оқып, тәржімасы жөнінде өз әсерлерімен бөлісті. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерінің туындыларын аудару арқылы ұлы ақындардың шығармашылық үндестігін тануға болады деген қорытындыға келді.

Кешке кафедра меңгерушісі Д.А.Қарағойшиева, доцент М.Жаңабекова, Э.Бектурова, И.Азимбаевалар қатысты. Мазмұнды да әсерлі өткен кеш болашақ аудармашылар үшін пайдалы болды.

Мұсалы Л., шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті

 

Жаңа кітаптар

Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың филология және әдебиеттану факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың тұсакесер рәсімі өтті.

Атап айтқанда, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында орындалып жатқан «Қазақстандық аударматанудың әлемдік мәдениетаралық кеңістіктегі заманауи мәселелері: интеллектуалдық әлеуеті және даму болашағы» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында жарық көрген «Аударматану бойынша библиографиялық көрсеткіш» атты қосымша оқу құралы, «Аударматанудың заманауи мәселелері» атты ғылыми монография, «Аударматану терминдерінің сөздігі» атты оқу құралдарының, сондай-ақ, кафедра меңгерушісі, PhD докторы  Д.А.Қарағойшиеваның «Шетел филологиясына кіріспе» және филология ғылымдарының докторы, доцент Л.Мұсалының «Символ-бернелеу және оның көркемдік қызметі», «Аударма практикасы» атты кітаптары таныстырылды. Бұл кітаптардың болашақ аударматанушылар мен филологтар үшін пайдалы болатындығы даусыз.

Баспаның жетекші ғылыми қызметкері Сәуле Жылқыайдарова бұл басылымдар сұранысқа ие болған кітаптар екенін айтып, баспа қызметтері жөнінде мәлімет берді.

 

И.Азимбаева, ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы