Жарқын жаңалықтар
Поэтикалық аударма кеші
ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және «Tarzhiman club» жас аудармашылар ұйымы «100 кітап» жобасы аясында «Поэтикалық тәржіма» атты әдеби аударма кешін өткізді. «Аударма ісі» бөлімі 1-4 курс студенттері поэзиялық мәтін және оның тәржімасын мәнерлеп оқып қана қоймай, талдап, бағалап айтып берді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлеңдерінің орыс тіліндегі аудармаларын түпнұсқамен салыстыра талдады, сондай-ақ А.Пушкиннің, Байронның өлеңдерін оқып, тәржімасы жөнінде өз әсерлерімен бөлісті. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерінің туындыларын аудару арқылы ұлы ақындардың шығармашылық үндестігін тануға болады деген қорытындыға келді.
Кешке кафедра меңгерушісі Д.А.Қарағойшиева, доцент М.Жаңабекова, Э.Бектурова, И.Азимбаевалар қатысты. Мазмұнды да әсерлі өткен кеш болашақ аудармашылар үшін пайдалы болды.
Мұсалы Л., шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті
Жаңа кітаптар
Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың филология және әдебиеттану факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың тұсакесер рәсімі өтті.
Атап айтқанда, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында орындалып жатқан «Қазақстандық аударматанудың әлемдік мәдениетаралық кеңістіктегі заманауи мәселелері: интеллектуалдық әлеуеті және даму болашағы» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында жарық көрген «Аударматану бойынша библиографиялық көрсеткіш» атты қосымша оқу құралы, «Аударматанудың заманауи мәселелері» атты ғылыми монография, «Аударматану терминдерінің сөздігі» атты оқу құралдарының, сондай-ақ, кафедра меңгерушісі, PhD докторы Д.А.Қарағойшиеваның «Шетел филологиясына кіріспе» және филология ғылымдарының докторы, доцент Л.Мұсалының «Символ-бернелеу және оның көркемдік қызметі», «Аударма практикасы» атты кітаптары таныстырылды. Бұл кітаптардың болашақ аударматанушылар мен филологтар үшін пайдалы болатындығы даусыз.
Баспаның жетекші ғылыми қызметкері Сәуле Жылқыайдарова бұл басылымдар сұранысқа ие болған кітаптар екенін айтып, баспа қызметтері жөнінде мәлімет берді.
И.Азимбаева, ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы
АБАЙТАНУДАҒЫ АЛЫП АДЫМ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасынан «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» деген атпен он томдық басылым жарық көрді. Он томдық университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалған, баспаға университеттің филология факультеті Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған. Басылымның ғылыми-редакциялық кеңесі мына құрамда жұмыс жасаған: Ж. Дәдебаев (төраға), Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали, Т. Есембеков, Б. Жақып, А. Жақсылықов, Қ. Мәдібаева, Ж. Молдабеков, З. Сейітжанов, Ә. Тарақ, А. Темірболат, Ж. Тілепов, Р. Тұрысбек. П. Бисенбаев (хатшылар тобының жетекшісі), И. Әзімбаева (жауапты хатшы), Ә. Жапарова (хатшы). Басылым томдарын құрастырып, олардың түсініктерін жазғандар: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ. Толығырақ »
АБАЙ ҒЗИ-да өткен «Абайтану» семинары
2016 жылы 24-25 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында орта мектептің «Абайтану», «қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Абайтану» атты оқу-әдістемелік семинар өткізді. Абай ҒЗИ-дің директоры, профессор Ж.Дәдебаев қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері жөнінде кіріспе сөз сөйледі. Факультет деканы, профессор Ө.Әбдиманұлы қазақ тілі мен әдебиетінің оқу және ғылыми пән ретіндегі маңызына тоқталды. Толығырақ »
ҰЛТЖАНДЫ ҚАЙРАТКЕР — ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары университеттің барлық факультеттерінде сабақ жүргізеді. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасу үшін әлемге әйгілі ҚазҰУ-тін таңдап келген студенттердің басы біздің факультетте жиналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетке тек талапты, ақылды әрі тапқыр болашақ студенттер келеді. Сондықтан университеттің оқытушыларына бұндай білімге құмар жастармен жұмыс істеу әрдайым қызықты және тиімді. Толығырақ »
ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ — АЙРЫҚША АДАМ, АҚЫЛДЫ ТҰЛҒА, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемге танымал жоғары оқу орны. Табыстарға толы 80-жылдық тарихы бар ҚазҰУ-да, атақты ғалым-педагогтар, тәлімгерлер еңбек етті. Соның ішінде, белгілі тарихшы, қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, профессор, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде алғаш Қазақстан тарихы кафедрасын ашқан Ермұхан Бекмаханов та бар. 1947-1951 жж. Қазақ мемлекеттік университетінде (казіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Толығырақ »
Қанипаш Мәдібай. ҚИЫР ШЫҒЫСТА ДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕДІК
Өткен 2014 жылдың 11-25 желтоқсан күндері Корея Республикасындағы 56 шет тілінде сабақ жүргізілетін Ханкук университетінің Орталық Азияны зерттеу институтында ғылыми байланыстар бағытында арнаулы тақырыптарда танымдық басқосулар өткізу және кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында шақырту алып, қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Дина Ақбергенқызы Әлкебаевамен бірге ғылыми тағылымдамадан өтіп қайттық. Толығырақ »
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
2015 жылы 21 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай институты базасында қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы кафедрасы және аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы бірлесіп «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ »
Cәуле Жусанбаева. ҚазҰУ-ДЕЙ УНИВЕРСИТЕТ ҚАЙДА
Орта мектепті бітіруші жастардың алдында таңдау көп болады. Орта мектеп түлектері ең алдымен, әрине, болашақта кім болатынын, қандай мамандық бойынша жоғары білім алатынын ойлайды. Соған орай әр жас үшін қайда, қандай жоғары оқу орнында және қандай мамандық бойынша оқитынын дұрыс таңдаудың өмірлік маңызы бар. Толығырақ »
«ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2015 жылдың 30 наурыз күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және «Ақиқат» журналы редакциясымен бірігіп ұйымдастырылған «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді филос.ғ.д., профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы – Масалимова Алия Рмгазиевна ашып, ары қарай филос.ғ.д., профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі А.Д.Құрманалиева жүргізді. Толығырақ »