Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жарқын жаңалықтар

Қосдипломды білім беру бағдарламасы —  ғылыми бағыт ізденушілері үшін зор мүмкіндік!

Жаһандық дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – мемлекетіміздің, сонымен қатар жоғары білім беру саласының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университтері рейтингіне енуге ұмтылуы керек» деп атап көрсеткен болатын. Аталған мақсатқа жетудің аса маңызды бөлігі Болон процесіне қатысу болып табылатын Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуге әрекет етуіне айрықша мән беріліп отыр. Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСТАР ТАРИХЫ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы  жағдайындағы жас ұрпақ тәрбиесіндегі  жастардың өмірлік құндылықтарының өзгеруі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан, адамгершілік және моральдық нормалардан алшақтауы,  отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі, тәрбиедегі этникалық элементті бағаламау, девиантты мінез-құлықты жастар санының артуы, әлеуметтік селқостық, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда ізгілік пен игіліктің жетіспеушілігі және  т.б. қарама-қайшылықтар  жалпы орта білім беру үдерісінің тәрбиелік және әлеуметтендірушілік қызметтерін күшейтуді, тәрбие мазмұнын жаңартуды талап етеді. Толығырақ »

ҚазҰУ-дың педагогика және білім беру менеджменті кафедрасына 77 жыл!

 Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы туралы не айтуға болады?

  • «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет»-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, ұстаздың алдында талай хандар мен билеушілер де бас иген. Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт демекші, барлық сый мен құрметпен қатар ауыр еңбек пен талмайтын шабытты талап ететін мамандық иелерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1940 жылдың 12 қаңтарынан бері даярлап келеді. Міне, 77 жыл бойы бүгінде педагогика және білім беру менеджменті атанған кафедраның түлектері, елдің өскелең ұрпағын тәрбиелеуде үлкен еңбек атқаруда. Философия және саясаттану факультетінің тарихы мол ежелгі кафедрасы «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «педагогика және психология» мамандық иелерін тәрбиелеп шығарады.

Толығырақ »

Зерттеу университеттеріндегі инновациялық іс-әрекет  және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Кайдзен» жүйесі

 Зерттеу университеттеріндегі инновациялық іс-әрекеттің мақсаты аймақтағы кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына ықпал ету, өндіріс пен бизнестің байланысын нығайту, жаңа компанияларды құруға қатысу арқылы нарықта озық технологиялық өңдемелерді шығару болып табылады. Толығырақ »

Факультет деканының кубогы үшін жарыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е.Жаппасовтың бастамасымен «шынықсаң шымыр боласың» деген ұранмен декан кубогы үшін футболдан  дәстүрлі факультет аралық жарыс өтті. Бұл жарысқа колледжден екі команда, шетелдік дайындық кафедрасынан екі команда, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасынан екі команда және ақылы түрде білім алатын топтардан  екі команда жасақталып, жалпы сегіз команда қатысты. Толығырақ »

Абайтану бойынша таңдамалы еңбектердің ХІ-ХІІ томы жарық көрді

 

abaitanu-12-1Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану бойынша зерттеулерді жүйелеп, жарыққа шығару жұмысын жалғастыруда. Жуырда абайтану бойынша көп  томдық  басылымдардың ХІ-ХІІ томы жарық көрді. Толығырақ »

ҚАЗҰУ – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚ

1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы универсиеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланды. Қазіргі таңда ҚазҰУ ең керемет деген әлемдік университеттер қатарында 236 орынды иеленіп отыр. Сонымен қоса, ҚазҰУ 25 елдің 400-ден астам университтерімен бірге қызмет жасауда. Бұл тікелей ҚазҰУ-дің студенттеріне өзге елде білім алып, тәжірибе алмасуға жол ашады. Толығырақ »

«Педагогика және психология» мамандығы жайлы не білу керек?

Заман талабымен ілесіп, білім беру бағытында, білімнің әр саласында бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлауда педагог-психолог кадр таптырмас қажеттілік тудыратыны сөзсіз.

Педагог-психолог мамандығының басты міндеті – әлемнің гуманитарлық бағыттағы кәсіби келбетін қалыптастыру болып саналады. Ол жалпы адамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы, өзінің өмірлік және кәсіби мағынасын тауып, жүзеге асыруға және оны өзгелердің жасауына көмектесетін педагог-психологтардың алғышарттарын болжайды. Мұндай маман иесі оқу пәнімен,оқушылардың алдында оны ашу тәсілдерімен айналысатын пән оқытушысы ғана емес, сондай-ақ ол зиялы ғалым, мәдениет бастауларына қайта оралушы философ, білім алушының ішкі сұхбатына белсенді араласып, өз даусын естуге көмектесетін өсиетті сөздің иесі. Білімнің гуманизациялануы мен гуманитаризациялануына, білімді іргелі, терең меңгеруіне бағытталған, кәсіби мамандығына қолайлы әсер ететін, адами мәдениеттегі барлық байлықтарын игеруіне, университеттегі білім берудің оңтайлы кәсіби мақсаты болашақ маманнан жан-жақты тұлға қалыптастыру. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясындағы “Педагог –психолог” мамандарын дайындау барысында оларды іргелі және кәсіби біліміне қарай, күнделікті өзгеріске ұшырайтын еңбек нарығының жағдайына және мамандардың кәсіби деңгейінің талаптарына тез бейімделе алатындай етіп іріктеп алады. Толығырақ »

  Жақсы мамандық – жақсы болашақтың бастауы!

ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Қара шаңырақтың студенті атану бүгінде талай түлектің арманы. Мыңдаған мамандықты бір арнаға тоғыстырған берекелі орда  QS халықаралық рейтинг агенттігінің есебі бойынша әлемдегі үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемденіп, ең үздік 300 университет қатарынан көрінді. Осылайша әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін айшықтады. Толығырақ »

«БҰҰ моделі – Жаңа Жібек Жолы 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанаты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда. Толығырақ »