Жарқын жаңалықтар
ҚАРТТАР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ!
Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы. Қарттар үйі… Бұл – қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын. Толығырақ »
ТАРИХ — ҒАСЫРЛАР КУӘСІ
Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында оқитын қазақ диаспора өкілдерінің тыңдаушылары арасында «Тарих — ғасырлар куәсі» атты сайыс кеші өтті. Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз — ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ» республикалық оқу-әдістемелік семинары
2015 жылы 2-3 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинар бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев, ҚазҰУ профессорлары, әдебиеттанушы-ғалымдар Қанипаш Мәдібаева, Темірғали Есембеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Рахымжан Тұрысбеков, ғалым Дандай Ысқақов абайтанудың заманауи мәселелері, абайтану тарихы бойынша дәріс оқыды. Орта мектептің «Абайтану» пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарда инновациялық мазмұн, инновациялық технологиялар қарастырылды. Сондай-ақ семинарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің сайтының құрылымы таныстырылып, абайтану бойынша қосымша материалдар ұсынылды. Толығырақ »
ЖҮРЕКТЕН ШЫҒАР ЖЫЛУЛЫҚ
«Жүректің таза болғаны – жамандықтың қаза болғаны»,- деген екен ата-бабаларымыз, игілікті іс жасау – ізгі жүрек ісі. Демек әр адам жеке тұлға және ол жүрегіне жақсылық ұялатып, айналасын нұрландыру үшін өзінің мүмкіндіктері мен міндеттерін толық және дұрыс атқаруы тиіс. Жастарымыздың жанына нұр құятын, ізгілікке баулитын, бір-біріне қолұшын беруге дағдыландыратын, адамгершілікті асқақтату мақсатында жасалып жатқан жобалар аз емес. Соның бірі — көпшілік қолдауына ие болған университетіміздің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік жобасы. Толығырақ »
Аудармашы тәжірибесімен бөлісті
Жақында ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлегі, белгілі аударматанушы ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері НАҒИМА Сағындықовамен шығармашылық кездесу өтті. Толығырақ »
ТІЛ – БІЛІМ, ТӘРБИЕ ТҰҒЫРЫ
Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесінің ашылу салтанатына орай 22 қыркүйек күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен университет деңгейінде «Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты жыр мүшәйрасы өткізілді. Бұл мүшайраға «Қазақ филологиясы» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 1 курс студенттерінің отыздан астам өлең-жырлары жолданып іріктеуден өткізілген еді. Әйтсе де, ақтық сайысқа он бес жас ақын қатыстырылды. Мүшәйраға филология ғылымдарының докторы, профессор, Берікбай Сағындықұлы, доцент Салтанат Иманқұлова, университеттің тәрбие жөніндегі департаментінің қызметкері Әлия Тұрмаханбетова және жас ақын Башар Тұрсынбек әділқазы алқасы ретінде тағайындалды. Толығырақ »
Татар ғалымдарымен болған келелі отырыс
27.05.2014 ж. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен Татарстандағы Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтынан келген ғалымдар (делегация құрамы: Хисамов Олег Ришатович, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., лингвист; Тимерханов Айнур Ахатович, лексикография бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., лингвист; Закирова Илсеяр Гамиловна, халық шығармашылығы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.; Мухаметшин Зуфар Гумарович, текстология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.) мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің оқытушы-профессорлары арасында семинар өтті. Тіл, әдебиет және өнер институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., Хисамов Олег Ришатович өздерінің институтында жасалып жатқан шаралар туралы айта келіп, Қазақстан ғалымдарының еңбектерімен танысу ниеттерін білдірді. Профессор Ж.Дәдебаев түркілерге ортақ дүниелерді татардікі немесе қазақтікі деп бөліп-жармай бірлесіп зерттеудің қажет екенін айта келіп, Қазан баспасынан ілгеріректе шыққан қазақ әдебиетіне қатысты еңбектердің тізімі туралы мәлімет жайын сұрады. Тілші ғалымдар Г.Смағұлова, Б.Момыновалар сөз сөйлеп, тілге қатысты пікірлерімен бөлісті. Семинар соңында қазақ ғалымдары мен татар ғалымдары екіжақты келісімшарт жасасуға уағдаласып тарасты.
Кәрібозов Е.К.,
аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы
меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к.
«Бабалар аманаты» атты дәстүрлі ән-жыр кеші
2014 ж. 30 сәуір күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы (ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Акт залда) концерт берді.
Университетіміздің мерейтойына арналған «Бабалар аманаты» аталатын ән-жыр шашуы арқылы отансүйгіштік қасиет дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларымызды дәріптеу, насихаттау және әрине жақсы көңіл күй сыйлау көзделді. Өнерпаздар бабалардан жеткен ең таңдаулы толғау жырларды, әсем ән мен күмбірлеген күйлерді орындады. Халықтың бай рухани мұрасын әлемдік деңгейде насихаттап жүрген танымал өнер майталмандары мен олардың шәкірттерінің репертуарында қазақтың әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындылары орындалды. Толығырақ »
ФИЛОЛОГИЯ ІЛІМІНЕ ІЛКІ КӨЗҚАРАС
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «ХХI ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Жаһандану дәуіріндегі әлемдік филология ілімінің өзекті мәселелері, ұлттық әдебиеттану және тіл білімі саласындағы жаңашыл ізденістер, ғылыми аспектілер, әдеби-мәдени мұраға жаңаша көзқарас мәселелері бүгінгі күн тұрғысынан сараланып, жиынға қатысушы ғалымдар тарапынан қызу талқыға түсті. Әсіресе, ұлттық әдебиеттану ғылымының бағыт-бағдары, әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар, Абай ілімін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері, мәтінтану теориясы жан-жақты сөз болып, бүгінгі таңда атқарылып жатқан кешенді зерттеулердің концепциялары талданды. Толығырақ »