Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жарқын жаңалықтар

Аудармашы Т.Сәукетаевпен кездесу

SAM_20592014 жыл 30 сәуірде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубында белгілі аудармашы Тұрысбек Сәукетаевпен шығармашылық кездесу өтті. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Әнуар Тарақов аудармашы  шығармашылығы туралы кіріспе сөз сөйледі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Тілепов әдебиет, аударма өнері  туралы ойларын аударма шығармашылығымен ұштастырды. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к., доцент Е.Кәрібозов аударма туралы пікірлерін ортаға салды. Факультеттің 2 курс студенті Жұмашев Абылайхан өз өнерін көрсетті. Толығырақ »

Ұлы достықты ұлықтаған білім ордасы

Без-имени-1Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік бола бастаған сайын, мемлекет аралық қатынастар кеңейіп, Қазақ елі әрдайым Ұлы істердің басынан көрінуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Ауған Ислам Республикасына материалдық және рухани көмек көрсету мақсатында, 2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңЖОО-ға дейігі білім беру факультеті ауған жастарыноқытуды міндетіне алды.

Қазіргі таңда дайындық бөліміндегі тыңдаушылардың басым бөлігін ауғанжастары құрап отыр.Осы жылдар аралығында бiлiктi де бiлiмдi, тәжiрибелi ұстаздардан ауған жастары бiлiм алуда. Толығырақ »

Ұлағатты ұстаздар ордасы

80-жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Ұлағатты ұстаздар ордасы» деп айтуға тұрарлық. Университетімізде білікті де білімді, өз пәнінің мамандары жұмыс атқарады. Олар кез-келген пән бойынша білім берудегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың бағыттарын табысты және белсенді дамытуда. Толығырақ »

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаздық еткен жалықпас,  үйретуден балаға.-

Абай.

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»-дейді дана халқымыз. Солай, сол қиындықтардын тайсалмай өтіп, табаны күректей 52 жыл ұрпақ тәрбиесі жағында еселі еңбек ету қиынның қиыны болса, бұған төзген батырдың батыры емей немене?!

Ұлы ұстаз-өзі біртұтас әлем. Сондай ұлы ұстазымыздың бірі осы қасиетті қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстазымыз, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор-Төреғали Қаратайұлы Қаратаев ағамызды ерекше айтып кетуге болады. Ол ағамыз әркез ізденісін тоқтатқан емес. Ерекше дара тұлға. Кеудедегі алтын сандықтың ақтарылған алтын сөздің сан шәкірттің жүрегінен орын тауып, сабақ алған шәкірттердің келесі күнге асығып жүргенін көргенбіз. Үлкен жауапкершілік пен төзімділікті, даналық пен даралықты керек ететін ауыр өмір кемесінде 52 жыл қызмет еткен дара тұлғаға бас имеске болама?! Толығырақ »

Біліктілік бастауы – білім ордасы(ҚазҰУ-дың 80 жылдығына)

      Технология кеңістігінде өмір сүретін жеке тұлғаның жоғары оқу орнынан алатын мамандығының деңгейі білімділігімен емес, біліктілігімен өлшенетін уақыт жетті. Біліктілік – парасаттылық  пайымы. Осы парасаттылықты бойына қалыптастыра білген жас маманды оқытудың тиімді әдістерін оқу ордасы өзіндік амалдарымен қолдана білуі тиіс. Біздің университетіміз бұл салада қаншама тиімді ұстанымдарды қалыптастырып келе жатқаны көпшілікке мәлім. Соның бірі – университет студенттері оқуға міндетті «100 кітап» жобасы. Толығырақ »

Ерекше мазмұнды ашық сабақ

Без-имени-1

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық  университетінде «100 кітап» жобасы жұмыс істейді. Филология, әдебиеттану және  әлем тілдері факультеті  мемлекеттік тіл кафедрасының  оқытушысы С. Нұрахметов   29 сәуір күні ақын М.Шахановтың шығармашылығына арналған «Қырандар төбеге қонбайды» деген тақырыпта  ашық сабақ өткізді.  Бұл сабақтың ерекшелігі  сол – ақын Мұхтар Шаханов сабақтың өту барысында өзі сабаққа қатысып отырды. Сабақтың құрылымы да ерекше: сабақтың әрбір минуты  Шаханов шығармашылығының өзіндік ерекшелігін қамти отырып,  арнайы бөліктерге бөлінген. Мысалы, «сандар сөйлейді» минутында Шахановтың өмірі  хронологиялық тәртіппен баяндалды; «поэзия» минутында ақынның әр тақырыптағы өлеңдері оқылды; «сазды әуен» минутында белгілі әндері шырқалды;  «ақын оқырмандармен минутында» ақынның  әр жерлердегі кездесулеріне  қатысты слайдтар көрсетілді;  «замандас сыры» минутында ақын өмірінің қызықты сәттері, т.б. баяндалды. Ашық сабақтың соңында ақынның жыр жинақтары студенттерге тегін таратылды.

 

 Жұмағұлова А.Ж.

мемлекеттік тіл кафедрасы меңгерушісінің

 оқу-әдістеме және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент

Қариялар азайып бара жатыр

Ардагер1Жуырда, сәуірдің 25-і күні, журналистика факультетінің 2 – курс студенттері мен мемлекеттік тіл кафедрасының құрамындағы “Ұтқыр ұрпақ”, “Сөз маржаны”, “Ақ сөйле”  клубтарының қатысуымен Алматы қаласындағы Абай мен Шаляпин көшелерінің  қиылысында орналасқан “Ардагерлер үйінде”  “Aйналаңды нұрландыр” жобасы аясында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

Қарттар үйінде 138 адам бар екен. Мұндағылардың 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 14-і  еңбек және тыл ардагерлері, 14-і   1-топтағы мүгедектер екен. Қарттар үйіндегілердің 19% — ы қазақ ұлтынан болса, қалғандары өзге ұлт өкілдері. Қарттар үйі директорының орынбасары Нұрзия Ағабекқызының айтуынша, жылдан – жылға мемлекет тарапынан оларға бөлінетін қаражат артып отыр. Толығырақ »

“Көктем жыры” кеші

Көктем12014 жылдың сәуір айының соңында мемлекеттік тіл кафедрасының “Ұтқыр ұрпақ” тілдік-танымдық кезекті іс-шарасы “Көктем жыры” атты тақырыпта журналистика факультетінің   2 — курс студенттерінің жыр мүшәйрасына арналды. “Көктем жыры” деп аталу себебі де түсінікті, студент жастардың көктем, ана, гүл, сағыныш, махаббат, сезім туралы өлеңдерін тыңдарман қауымға өз оқуында таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айгүл Орынбаева, Нұргүл Махамбетиярова, Файзолла Олжас, Ақтілек Төленді, Нұрбек Нұржан, Құдайберген Арман сияқты жастар өз өлеңдерін оқыды. Балауса сезімдерін жыр жолдарына түсірген студенттердің қадамына қызыға қарап, шығармашылық сәттілік тіледік. Толығырақ »

ҒАСЫРДА БІР ТУАТЫН ДАРАБОЗ

Без-имени-1«Ғасырда бір туатын дарабоз» деген тақырыпта Философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық кафедрасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «100 кітап» жобасы аясында өткізілді. Кешке ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы Мақатаев қатысты. «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының 1,2,3 курс студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқау, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінен көрініс қою секілді өнерлерін паш етті. Толығырақ »

Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Бішкекте өткен халықаралық семинар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты Халықаралық Айтматов академиясымен және Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтымен бірлесе отырып 2014 жылы 18-19 сәуірде Бішкек қаласында «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді. «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты  халықаралық ғылыми жоба аясында ұйымдастырылған семинар жұмысына Абай ғылыми зерттеу институты тарапынан Ж.Дәдебаев, П.Бисенбаев, Е.Карбозов, С.Дәрібаев, ал Халықаралық Айтматов академиясы, Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты жағынан бір топ қырғыз ғұламалары қатысты.  Семинарды Қырғыз Республикасы ҰҒА вицепрезиденті, академик  А.Ақматалиев жүргізіп отырды.  бастаған қырғыз  ғалымдары және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бір топ ғалымдары қатысқан ғылыми жиында мәдени және әдеби байланыстардың өзекті мәселелері кеңінен қозғалды.

Еларалық кеңістікте өткенмдастырған халықаралық ғылыми семинар екі елдің ғалымдары үшін де пайдалы болды.  Қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Семинар материалдарын баспадан шығару туралы шешім қабылданды.

Л.Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті