Жарқын жаңалықтар
ЖЕТІМ КӨРСЕҢ, ЖЕБЕЙ ЖҮР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облыстық №1-балалар үйінде «Құтты болсын, әз – Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 1,2–курс «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандықтарында оқитын студенттерден құралған еріктілер тобы және осы жоғарыда аталған кафедраның меңгерушісі А.К. Мыңбаева және оқытушылар А.Б. Мұқашева, С.Ә. Рамазанова, Д. Мұқатаева, Д. Ертарғынқызы, А.В. Вишневскаялар қатысты. «Жетім көрсең, жебей жүр!» дегендей студенттерден құралған еріктілер тобымен бірге жетімдер үйіне ат басын тіредік. Толығырақ »
ШУАҚТЫ СӘТ
Жоғары оқу орындарының флагманы, білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — көптеген игі бастамалар мен жобалардың ұйымдастырушысы. Студенттерге сапалы білім берумен қатар қазіргі студенттің болашақ бәсекеге қабілетті маман, қарымы күшті, жан-жақты, ұлтжанды саналы азамат ретінде қалыптасуы үшін түрлі жобаларды іске қосуда. «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап», «Айналаңды нұрландыр!», «Салауатты өмір салты», «Жасыл қалашық», «Әдемі дене мәдениеті» сияқты жобалар студент-жастардың айналадағы қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындай, сергек, сезімтал қасиеттерін дамыта отырып, әр тұлғаны қоғамды ізгілендіруге ұмтылдырады. Толығырақ »
Тіл — өмір айнасы
22.04.2014 ж. Аударма орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына арналған «Language is a life skill» атты халықаралық семинар өтті. Семинарда Macmillan Publishers әдіскері Тереза Доуэлли (Ұлыбритания) әдістемелік дәріс оқыды. Дәріскер ағылшын тілінде қазір ақпараттың көптігі соншалық, кейін ағылшын тілі пәнінің оқытушыларының қажеттігі азаюы мүмкін екендігін айтты. Оқытушыларға оқытудың жаңа әдістерінен мағлұмат берді. Семинарға Қонаев атындағы университеттен, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінен, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бөбек» гимназиясынан, ҚМӘБИ университетінен, т.б. бірнеше университет, колледждерден шет тілі пәні оқытушылары қатысты. Семинарға қатысқан оқытушылар шет тілін оқытудың әдістемесі жайлы біршама мағлұмат алып тарасты.
Е.Кәрібозов, аударма теориясы
және әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к.
Өнерің өрге жүзсін, «Жас талап»
ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды. Ол үйірмелер тарих, қазақ тілі, математика, физика, орыс тілі пәндері бойынша білімді көтеруге бағытталған. Ал бизнесинкубатор жобасы факультет тыңдаушыларының ғылыми-инновациялық біліктілігін жоғары деңгейде шыңдауды көздейді. Толығырақ »
«Қош келдің, арғымақ жыл, қазағыма»
Қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлық мереке Наурыз мейрамын тойлау үстінде. Осы мереке қарсаңында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мән әдебиеті мамандығының ІІІ курс (екінші тобы) студенттері «Қош келдің, арғымақ жыл, қазағыма» атты ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік әдеби-сазды кешті ұйымдастырды. Тәлімі зор тағылымды кештің шымылдығы қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Берікбай Сағындықұлының құттықтау сөзімен ашылды. Толығырақ »
Білім беру ісінің көшбасшысы
Еліміз тәуелсіздігінің нығая түсуінің бір көрінісі, оның ертеңгі болашағына нық сеніммен қарауымыздың кепілі іспетті, көрген жанның көзі де, көңілі де тоятын ауқымды істер, жастарға білім беру ісіндегі күрт ілгерілеу, ғылым саласында алдыңғы қатарлардан көріну – соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өміріне тән сипаттар. Толығырақ »
Шетелдіктер арасында достық шарасы өттті
2014 жылдың 30 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті тыңдаушылары №14 жатақханада Наурыз мерекесінің құрметіне Әлем халықтарының ұлттық тағамдар мерекесін өткізді. Биыл бұл факультетте АҚШ, Жапония, Иордания, Қытай, Испания, Корея, Ауғанстан, Австрия, Түркия сынды елдерден келген 200- ге тарта тыңдаушы қазақ, орыс тілдерін оқып жатыр. Олар бір жыл бойы қазақ елінде тұрып ұлтымыздың тілін үйренумен қатар, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысады. Шетелдік тыңдаушылардың ұлттық тағамдар мерекесі «Әлем халықтарының ұлттық тағамдарының халықаралық фестивалі» деп аталды. Ұлттық тағамдар байқауын наурыз айында өткізу факультетте он шақты жылдан бері дәстүрге айналып келеді. Бұл күні студенттер ерте тұрып мереке басталған уақытқа дейін әр ұлт өкілі өздерінің дәстүрлі тағамдарын дайындаулары тиіс. Толығырақ »
Махаббат мұнарасын тұрғызған жазушы жайындағы кеш
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат , қызық мол жылдар» атты романын талқылауға арналған кеш болып өтті.Кешке жазушының немерелері Әлия мен Дина қатысып,сүйікті аталары туралы қызықты естеліктерімен бөлісті.
Жазушының үлкен немересі Дина жер бетінде ел басына күн туып,қатер төнген кезде қолына қару алып,елі мен жерін жаудан қорғаған,ел берекесі кіріп,бейбіт заманға аяқ басқанда,қара қаруын қарымды қаламға айырбастап,еңбек пен ерлікті,махаббат пен достықты жырлаған бірден бір жан бұл- біздің атамыз,-деп мақтаныш сезіммен сөз алды. Толығырақ »
М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы
Механика-математика факультетіндегі Информатика кафедрасының 2- курс студенттерімен “Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры” атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Мұқағали ақынның “Жыр-аңыз” атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақтың ашылуы мемлекеттік тіл кафедрасының доценті Аширова Анар Тишибайқызының құттықтау сөздерімен басталды. Толығырақ »
Танымал ғалымның тағылымды дәрісі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тіпдері факультетінің мемлекеттік тіл кафедрасында сәуір айының 3-і күні «Сөз мәдениетінің ортологиялық негіздері» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан арнайы шақырылған танымал ғалым, профессор Нұргелді Уәли дәріс оқыды.
Дәріс барысында сөз мәдениетінің осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жан-жақты сөз болды. Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылмай, тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде зерттеу және функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу, сөз мәдениеті осыған дейін сөйлеу позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы тұрғысынан қарау коммуникативтік аспектідегі жаңалық ек Толығырақ »