Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жарқын жаңалықтар

Ұлы Жібек Жолының экономикалық дамуына үн қосқан шәкірттер

Туркия студенттер ӨмірбековаУниверситетіміз академиялық мобильдік жүйе бойынша  студенттерін шетелге жіберуде. Оған дәлел: Филология, әдебиеттану және әлем тілдері мен Шығыстану факультетінің  студенттері «Мевлана» бағдарламасымен Анкара қаласының Гази университетінде тәжірибе алмасып, білім алуда. Түркі қандастарымыз студенттерді құшақ жайып, жылы қарсы алыпты. Молдажанов Ербол, Сансызбай Балжан, Абдуллаева Дәметкен, Талап Шерхан сынды студенттер барған күннен-ақ ерекше белсенділіктерімен көзге түсе бастапты. 12-13 наурыз аралығында Hacettepr университетінің ұйымдастыруымен «Жібек жолының бойында орналасқан Түркі халықтарының экономикалық іс бірлігі» атты конференция өтті. Конференция мақсаты: болашақта күш біріктіре отырып, ары қарай экономикалық дамудың жолын іздеу, дағдарысқа жол бермеу. Толығырақ »

Аударматану ғылымында өзіндік орны бар оқу құралы

Жұмаділова---мұқабасыАударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды, шартты құбылыс.  Аударма – ұшан-теңіз өмір өмір ағысының барлығын ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі. Сондықтан аударма қарқындап дамыған қазіргі кезеңде аударма теориясы мен тәжірбиесіне арналған қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының жазыла бастауы заңды құбылыс. Жақында «Қазақ университеті» баспасынана доцент Е.К.Кәрібозов, М.Н.Жұмаділованың «Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Оқу құралы аударма ісі мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған. Оқу құралы үш негізгі бөлімнен тұрады. Аударматану  ғылымы арқылы өзге шетел халықтарының тілін, мәдениеті мен ғылымын игерудегі мәдениетаралық коммуникацияның рөлін жан-жақты талдаған, сапалы және құнды еңбек деп айтуымызға болады. Толығырақ »

«ХХІ ғасыр аудармашысы»

SAM_1641 Карбозов ХХІ Ғ. аудар2014 жылы 2 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ » атты  аудармашылар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің сабақта алған білімдерін практикада пысықтау және «аударма ісі» деген қиын да қызық мамандыққа студенттердің қызығушылықтарын онан әрі арттыру болып табылады. Аударма ісі бөлімінің 1-3 курс студенттері  «ХХІ ҒАСЫР АУДАРМАШЫСЫ » атағын иелену үшін  бес кезеңнен тұратын сайыста түрлі тапсырмалар орындап, күрделі сұрақтарға жауап берді. Толығырақ »

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп!

Без-имени-1Наурыз – мейірім мен шуаққа толы мереке. Осы мерекені асыға күтетініміз анық. Міне, биыл Наурыз мерекесін тойлай бастағанымызға да 26 жыл болды. Осыған орай, әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп» атты студенттер арасында байқау болып өтті. Байқауды  филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары Салтанат Иманқұлова, Назкен Егізбаева, Шайгүл Рамазанова, Анар Ашировалар ұйымдастырды. Толығырақ »

Самал Соқпақбаевамен өткен тартымды кездесу

Сокпакбаевамен кездесу_Карбозов2014 жылдың 1 сәуірінде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубында балалар әдебиетінде өзіндік із қалдырған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың қызы, белгілі аудармашы Самал Бердібекқызы Соқпақбаевамен шығармашылық кездесу өтті. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі Әнуар Тарақов  аудармашы  шығармашылығы туралы кіріспе сөз сөйледі. Толығырақ »

Семинардың жас ғалымдарға берері мол болды


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында 2013 жылдың 18 қазанында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-теориялық семинары өтті. Семинарға оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ ғалымның республикамыздың ЖОО-ларында оқытушылық қызмет атқарып жүрген шәкірттері, филология ғылымдарының кандидаттары Ұ. Еркінбай  (С.Демирел университеті), Ә.Толысбаева (Түркістан), Г.Түсіпова (Екібастұз), Е.Адаева,  Л.Дәуренбекова (Астана), т.б. қатысты. Семинарда әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері сөз болды, мерейтой иесінің «Мәтін теориясы және поэтикасы», «Аударма және мәтінтану» атты еңбектерінің бағыттары бойынша баяндамалар оқылды. Ғылыми семинардың  жас ғалымдарға берері мол болды. Толығырақ »

Варшавада Абайдың «Қара сөздері» поляк тілінде жарық көрді

Варшава. 16 маусым. Baq.kz

Польша астанасы – Варшава қаласында Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдыновтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ тілшісі хабарлады Без-имени-1

«Варшавадағы Польски театрында өткен тұсаукесерде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» поляк тіліне аударған Хенрик Янковски оған бұл идеяны жүзеге асыруға ұсыныс жасаған студенттер болыпты. Олар аудиторияларда слайд бойынша материалдармен танысқан екен. Ақырында шәкірттер әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Абайдың «Сөздері» неге өздерінің туған тілдерінде жоқ екенін айтыпты», – деді баспасөз қызметкері агенттік тілшісіне.
Оның айтуынша, тұсаукесерге қатысушыларға жаңа басылымның аудармашысы қолынан қолтаңба алудың мүмкіндігі болыпты. Ал сол күні Польски театрында тараздық драматург Бақтияр Әбілдаевтың пьесасы желісі бойынша «Айша биби» спектаклі қойылды. Режиссер Әлия Баймаханова мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлер труппасы поляк көрермендеріне белгілі сюжеттің қазіргі заманға лайықтанған нұсқасын ұсынған. Онда көре алмас қорқаулардың құрбандары болған Айша биби мен Қарахан арасындағы жарқын да қысқа сүйіспеншілік тарихы баян етіледі. Спектакль қазақ тілінде жүргізілгеніне қарамастан, жергілікті жұртшылық оны өте жылы қабылдапты.
Айта кетейік, маусымның 10-нан бастап Варшавада Жамбыл облысының мәдени күндері өтіп жатыр.

Мұрат Айтқожа.
Егемен Қазақстан

 

АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

2012 жылы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында “Абай және қазіргі заман» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция (үшінші) болып өтті. Толығырақ »

Онлайн жүйесіндегі алғашқы конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы биыл Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа электронды тақтамен және инновациялық технологиямен жабдықталған залда өтті. Толығырақ »

Қазақ радиосы мен Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияcы болып өтті

«Ойдода»

Қымбатты тыңдаушы! Қазақ радиосы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы бойынша  «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияны «Ойдода» хабарының аясында ұсынып отырмыз.
Радиоконференцияға қатысушы ғалымдар:
Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Аударма теориясы мен методологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Әнуар Тарақ;
Филология ғылымының докторы, профессор Зейнол-Ғабиден Бейсенғали;
Филология ғылымының докторы, профессор Жұмат Тілепов;
Филология ғылымының докторы, профессор Қанипаш Мәдібаева;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдас Мәмбетов;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерхан Кәрбозов;

Махат Садық, Қазақ радиосының директоры:
Абай-ұлт ұстазы. Ғұламаның өлеңін оқысақ, өнеге өріледі, қара сөзіне үңілсек, ұлылықтың үлгісі төгіледі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті» деген болатын. Заман озып, дәуір жылжыған сайын Абай жаңара береді, жаңғыра береді. Қазақтың қара шаңырағы, ұлттың үнжариясы, 90 жылдық тарихы бар-Қазақ радиосы Тәуелсіздігімздің жиырма бірінші жылын ғұлама, дана, данышпан, философ, хакім, ақын Абаймен аттамақ. Қазақ ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы – «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференция ұйымдастырудағы басты мақсат – жаңа ғасырда Абайды жаңашы ұғып, жаңаша танысақ деген ойдан туған-ды. Әр таңымызды Абаймен атырып, әр күнімізді Абаймен батырсақ ұлттың ұтары көп.
«Ойдода» радиоклубының авторы және радиоконференцияны жүргізген Еділ АНЫҚБАЙ;
«Ойдода» радиоклубының редакторы Ерболат АЙТБАЙҰЛЫ.

«Ойдода»
«Ойдода»
«Ойдода»
«Ойдода»

http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/interviu/Ojdoda_id1325236500.html