Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Цифрлық кітапхана

Мұсатай Ақынжанов. АБАЙДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

загруженное

Мұсатай Ақынжанов

Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан жерінде, Семей облысы – Шыңғыс болысында (қазіргі Абай ауданында) ірі феодал – сұлтан Құнанбайдың семьясында туды. Болашақ ақын туған халқының өмір–тұрмысымен, туған жерінің жаратылысымен осы өз аулында танысты.

Абай жеті жасқа келгенде әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне сұлтан болып тағайындалады.

Құнанбайдың сұлтандығы реакцияшылдық-кертартпашылдық үш түрлі қырыс бетін ұстаған:

Ең алдымен, Құнанбайдың сұлтандығы әлі мүлдем басы ноқтаға кірмеген бұқара халықты патша өкіметіне қайрусыз құл етіп бағындырудың шоқпары болды. Толығырақ »

Сәбит МҰҚАНОВ . АБАЙ — ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ КЕМЕҢГЕРІ

1366014872-331

Сәбит МҰҚАНОВ

Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, қоғам қайраткері, демократы, ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 1945 жылы 100 жыл толуын қазақ халқы зор қуанышпен тойлағалы отыр. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйсінерлік болса ол», — дейді Абай. Бұл пікірін ол насихат сөздерінде қайталап: «Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік», — дейді. «Жақсы бала, кім?» деген сұрауға Абайдың берер жауабы: «Әкенің баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың».

Абай — қазақ халқының сүйікті ұлы. Себебі, ол, Абайдың өз тілімен айтқанда, әкенің баласы болған ұл емес, халықтың баласы болған ұл және тар мағынасындағы халық баласы болған ұл емес, өз ұлты қазақты сүйе отыра, барлық ұлттың еңбекшілерін бауыр көрген, гуманист ұл.

Абай қазақ халқын сүюмен ғана қанағаттанған емес. Ол — сүйген халқының қоғамдық көшін ілгері бастауда, ой-пікірін кеңейтуде, ұлттық сана-сезімін көтеруде, ұлт мәдениетін, әсіресе ұлт әдебиетін өркендетуде өте зор еңбек атқарған қайраткер. Толығырақ »

Темірғали Нұртазин. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ ТУРАЛЫ

407133_281260043_789_Nurtazyn_Temirgaly

Темірғали Нұртазин

Поэзия ажарлап тұрған сөз тізбегі емес, күрделі мазмұнды пікір мекені. Әдебиетте мазмұн мен түр егіз. Әдеби шығарманы кәрі-жас жаппай оқыйды, олай болса, поэзия да ортақ мұра. Абайдың өлеңдерін жыйындарда әнмен орындайды, жастар суйіспеншілік хаттарына пайдаланады, жолаушы жол бойына ермек етіп, өлеңмен көңіл – күйін шертеді.

 Өйткені поэзия адам жанының сыр сыйпатына құрылады, шын көркем шығарма адамның жан пернесін қозғайды.

Абай осы сырды терең ұғынған эстетикалық, творчестволық мәдениеті жоғары жазушы, орыстың революцияшыл демократтарының озық эстетикасымен қаруланып, заман тілегіне сай өрелі идея дәрежесіне жеткен елге әйгілі ақын. Толығырақ »

Fабит Мүсірепов. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ АБАЙДЫҢ ТАРИХИ ОРНЫ

1244175237_gabit-musrepov

Fабит Мүсірепов

       Көшпелі де қараңғы елдің ортасында өмірі өткен аса дарынды ақын Абай тағдырының қандай ауыр, қандай аянышты болғанын бар бейнесімен көз алдыңа әкеле қою да оңай емес. Ойсыз-сұңсыз тоө жұрт үшін ізі білінбей өте беретін біріне бірі ұқсаған марғау күндер ойлы ақын үшін арылмай қойған азап болуға тиісті де. Үсті түгел қуарып, аздап қана астынан көктеп жататын күзгі даладай тозығы жеткен өмір ақын көңілін көтермеске керек. Сондай күйге ұшыраған ақын:

Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
бір қызық ісім екен сұм жалғанда! –

деп, жүдеу көңілін аңшылық сияқты аз қызықпенн көтергенін өзі айтып кеткен. Толығырақ »

Мұхтар Әуезов. «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИННІҢ» ҚАЗАҚШАСЫ ТУРАЛЫ

Auesov

М. Әуезов

Поэзияның ірі шығармаларын бір тілден екінші тілге аудару өте қиын екені көпке мәлім. Ал біздің бүгінгі тәжірибені алсақ, ұлт әдебиеті үлгілерін орыс тіліне ауда­ру жөнінде көп ақындардың сол аударып отырған шығармасының тілін білмейтіндігі тағы бар. Бұларға жәрдем етеді дерлік подстрочник атаулыны алсақ, оның өзі — асыл нұсқаның нағыз соры. Подстрочниктің (сөзбе сөз аударманың) көбі сөз емес, құр көбік немесе әлдеқандай бір тіл қоқсығы боп шығады. Онда аударылатын поэзияның өзіне біткен нәзік ырғағы, өзгеде жоқ жаңалық ерекшелігі дәл түсуі былай тұрсын, тіпті ақынның қысып, қамти айтқан ой-сезімінің системасы да және көрік-стиль құрлысының ішкі логикасы да дұрыс берілмейді. Толығырақ »

Тәкен Әлімқұлов. АУДАРМА — ҚҰТЫ ҚАШПАС ҚАЗЫНА

880260_1793044132_164s_Alimkulov

Т. Әлімқұлов

Ұлттық қазынаға игілікті сыбаға болып қосылатын аудармалық әдебиеттің табиғаты талай ойшылды толғандырып, талай сөз зергерін сынаған. Қазақ топырағында ысылған реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма мәдениеті де сол Абайдан тарайды.


Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді. Оның екі тілде еркін ойлайтыны: «Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий» деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден, көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Толығырақ »

Ләйла Әуезова. М.О. ӘУЕЗОВ ТВОРЧЕСТВОСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

(Кіріспе)

Ұлы Октябрь Социалистік революциясы Россияның езілген халықтарын әлеуметтік және ұлттық езгіден азат етті Оларды терезесі тең халықтар ретінде жаңа тарихи белеске көтерді Осы жағдайда халқымыздың советтік патриотизм және интернационализм сезімімен ұштасқан ұлттық сана-сезімі өсе түсті. Сонымен бірге бұл құбылыстың дворянды-буржуазиялық тарихнамада шовинистік және ұлтшылдық бұрмалаушылыққа ұшыраған өткен тарихи дәуірді маркстік-лениндік методология тұрғысынан объективті түрде зерттеп, ой-елегінен өткізуге ұмтылдыруы әбден заңды нәрсе. Толығырақ »

А. Жапарова. АБАЙ СУСЫНДАҒАН ҮШ БҰЛАҚ

Ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнан-баевтың терең ойлары мен асыл сөздері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Абай – қазақтың шыңы. Абай ұлы ақын, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, композитор, аудармашы, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, саяси қайраткер. Ахмет Байтұрсыновтың сөзінен келтірер болсақ, «Қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Толығырақ »

Салық Зиманов. АБАЙ – ҰЛЫ БИЛЕРДІҢ СОҢҒЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІТІМ-БИЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

zimanov_salyk

С. Зиманов

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – Шығыс ойшылдарының өнегелі үлгілерін игерген қазақ әдебиетінің классигі, маңдай алды ақын, кемел ойлы философ ретінде тек қазақ топырағына ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі. Мұхтар Әуезов айтқанындай, «Соның барлығымен қатар Абайдың ел ішінің ең үлкен, ең іргелі биі болғанын да еске алу керек». «Билікке келгенде Абайдай әділ, таза, дұрыстығы күшті биді Тобықты іші бұрынғы заманда да көрген жоқ деп айта аламын», – дейді замандастарының бірі.

Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жора ережелеріне негізделген қазақ заңдарының күші әлі де Ресей отаршылық дәуірінде де жойыла қоймаған ортада, оларды қазақ халқының бірлігі, тыныштығы, болашағы үшін жаңаша көзқараспен мейлінше пайдалана білген, XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ірі тұлғалардың алды Абай. Оның шешен-би ретінде атқарған қызметі, жол-жора ережелеріне енгізген жаңа үлгілері көшпелі қазақ халқының рухани өмірінің дамуына едәуір әсерін тигізді. Толығырақ »

Айнаш Сейітова. АБАЙ МЕН ХАФИЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҮРЕК КУЛЬТІ

“Кәміл инсан” (انسان الکامل) – “толық адам” түсінігі Абайдың шығармашылығында әр қырынан жан-жақты қарастырылады. Ақын:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- Толығырақ »